Балалар әдебиеті бөлімі

     Жыл сайын балалар әдебиеті бөліміне  6 мыңнан аса оқырман келеді. Олар негізінен 5-14 жас арасындағы балалар, олардың ата-аналары, ұстаздар, тәрбиешілер. Бөлімде мектеп  бағдарламасына көмекші әдебиеттер, анықтамалықтар, сөздіктер, әлемдік классика және қазіргі балалар көркем әдебиеттері, балаларға, тәрбиешілерге, ұстаздарға  арналған түрлі  мерзімді (газет-журналдар) бар.
    Балалар бөлімінде  жас оқырмандарға  арналып  түрлі шаралар: әдеби апталықтар, байқаулар, кештер, ертеңгіліктер өткізіліп, кітапханаға саяхаттар ұйымдастырылады. 
    Бөлім қала мектептерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді, Н.Бекежанов атындағы драма театрының «Нартай бүлдіршіндері» қуыршақ бөлімінің артистері, «Олимп» балалардың бос уақытын өткізу орталығы бүлдіршіндері  және мүмкіндігі шектеулі балалар  өткізілетін шараларға үнемі қатысады. 
    «Әкем, анам және мен –оқырман жанұямыз» байқауы, фольклорлық  мерекелер, «2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні» және «1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне» мерекелік бағдарламалар өткізу дәстүрге айналған.
     2002 жылдан «Рауан» интеллектуалды шығармашылық клубы жұмыс істеп келеді.

Бөлім меңгерушісі: Айгисинова Маржан  Тұрғанбекқызы
Байланыс телефоны: 8 (7242) 30-50-23
21 қаңтар 2015 ж. 15:52
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: