Оқу залы секторы

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы секторында кітапханалық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында оқырмандардың қажетті әдебиеттерін еркін таңдап, уақыттарын тиімді пайдаланып, ақпараттық сұраныстарын толық жүзеге асыруы үшін шектеусіз қолжетімділік қарастырылған.

     Оқу залы секторы пайдаланушыларға заманауи қызметтерді енгізіп, кез келген уақытта ақпаратты шұғыл, сапалы, қолайлы түрде пайдалануды ұсынады.

     Оқу залы «Жауқазын-ғұмыр» шығармашылық клубы жұмыс жасайды. «Жауқазын-ғұмыр» клубы жоғарғы оқу орындарының студент жастары мен кітапхананың бірлескен жобасы.

     Жыл сайын дәстүрлі «Тәжібаев оқулары», «Назарбаев оқулары» өтеді, «Жас ғалым зердесі» анықтамалық бюро жұмыс жасайды, «Әдеби қонақжайда» әр түрлі тақырыпта ақын-жазушылар бас қосып,түрлі іс-шаралар өткізіледі.

     Оқу залында ұсынылатын қызметтер түрі:

Ø Кітапхананың негізгі қорындағы құжаттар мен оқу залының қосымша қорын пайдалану;

Ø Ашық қорды;

Ø Ұсыныс тізімдерін;

Ø Әдебиеттерді іздеуде әртүрлі кеңестер алу;

Ø Тақырыптық, тұрақты және жаңа әдебиеттер көрмесін;

Ø Жеке ноутбукты оқу залындағы арнайы құрылған электр желісіне қосу.


 

Сектор меңгерушісі: Сәдібекова Шолпан Айжарыққызы

Байланыс телефоны: 8 (7242) 30-69-60


21 қаңтар 2015 ж. 16:41
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: