KITAPKHANA.KZ
kz ru

Қаржылық сауаттылық клубы

«Қаржылық сауаттылық» клубының  2018 жылғы  жоспары

 

        Кездесу

Клубтың отырысын  өткізу,  клуб мүшелерін     жұмыс жоспарымен таңыстыру

 

Клуб мүшелері


Тұрақты кітап  көрмесі

 Қаржылық сауаттылық табыс жолы

Кітапхана

Оқырмандары


  лекция

    «Бизнестің жол картасы 2020» 

Қаржылық қызметтер тұтынушылардың құқықтарын және мүдделерін қорғау


«Даму» Қорының Қызылордалық филиалымен

1 тоқсан

   Кеңес

  Отбасы бюджетін үнемдеу және тиімді пайдалану 

 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мамандарымен

2 тоқсан

Өнеге сағаты

Дәулетті және табысты адамдардың құпиясы

 Кітапхана оқырмандары

3 тоқсан

Өнеге сағаты

Дәулетті және табысты адамдардың құпиясы

 Кітапхана оқырмандары

2 тоқсан

Кеңес беру

Жеке бюджетті қалай қалыптастыру керек 

 

ҚР Ұлттық банкінің Қызылорда     филиаллының  «Қаржы қызметін тұтынушылардың құқығын қорғау»  бөлімі

4 тоқсан

Кітап көрмесі

 Кәсіпкерлік сауаттылық – заман талабы

Кітапхана оқырмандары

4 тоқсан


    2018 жылдың 5-6 сәуір күндері Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  «Қаржылық сауаттылық клубы» аясында Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасымен бірге  «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» щеңберінде кәсібін жанадан бастайтын кәсіпкерлерге қолдау көрсету арналған «Өз ісіңді баста» атты семинар тренинг  өтті.

    Басты мақсат - өз ісін бастағысы келетін азаматтарға қолдау көрсету, жұмыссыз жастардың санын азайтып, ел экономикасын көтеруге, халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосу.

    Семинарға  қатысушылар кәсіпкерлік қызметке қатысты жеке бизнесті ашу және тіркеуден бастап, бизнес-идеялар мен жобалар құру, қаржылық құжаттар әзірлеудің қыр-сырын, жоба әзірлеуді үйренді. Сондай-ақ семинар қатысушыларына бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірыңғай мемлекеттік бағдарлама жайында кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік ісін бастаушы азаматтарға бағытталған басымдықтары түсіндірілді.





   2018 жылдың 23-24 сәуір  күндері Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  «Қаржылық сауаттылық клубы» аясында Қызылорда  облысы Кәсіпкерлер палатасымен бірге «Бизнес-Кеңесші» - кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша семинар  ұйымдастырылды.

   Экспресс-курс аясында  маркетинг негіздері, адами капиталды басқару, бизнес жүргізудің заңдық негіздері, кәсіпорынның қаржылық мәселелері туралы білім берілді.




                                    "ОРДА" БАҒДАРЛАМАСЫ - БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА ЖӘНЕ БІР МҮМКІНДІК

                                                                     /Ақпарат  кұні/

     Қызылорда облысында бастапқы төлемсіз тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін «Орда» тұрғын үй құрылысының «Жол картасы» әзірленді.

Осы орайда  11 мамыр күні  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  «Қаржылық сауаттылық клубы» аясында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалы мамандарымен бірге ОРДА" БАҒДАРЛАМАСЫ - БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА ЖӘНЕ БІР МҮМКІНДІК»  атты ақпарат күні ұйымдастырылды.

    Орда" тұрғын-үй құрылысының жол картасы 3 жылға есептелген. Бұл құжаттың негізгі мақсаты - облыс тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету

    Банк қызметкерлері Орда" аймақтық тұрғын үй бағдарламасына бастапқы төлемсіз төменде көрсетілген әлеуметтік осал топтағы азаматтар қатыса алатынын, мысалы, көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 1,2 топ мүгедектері, оралмандар және т.б. тұрғындарға қол жетімділігі туралы ақпараттар берілді.


    2018 жылдың  4-5  қазан күні  Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап  ғылыми кітапханасында  «Қаржылық сауаттылық клубы» аясында Қызылорда облысы  Аймақтық  кәсіпкерлер палатасының қолдауымен болашақ  кәсіпкерлерге  арналған « Кәсіпкерліктің жедел курсы» атты екі күндік семинар сабақ ұйымдастырылды.                                                                     Мақсаты: «Бизнестің жол картасы», несиелер, субсидиялау, мемлекеттік грант, соның ішінде  өз кәсібімен айналысамын деген азаматтарды   оқыту арқылы,  бизнес  бастауға  ақыл қенес беру.

   Семинар  сабақ барысында өз бизнесінді бастау үшін не қажет?   Бизнес  жоспарды қалай  жасауы керектігі, бастапқы капитал, кәсіпкеркердің негізі қасиеттері қандай болу керек , белсенді, өз бетінше шешім қабылдай алатын,  кәсіпкерлердің құқығын қорғауы және бизнес идеяның туындау жолында пайда болатын кедергілері  айтылды.

    М. Қасымжанқызы шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ бизнесті басқарудың қаржылық мәселелерін түсіндірді.




Еліміздің экономикасының өсуі мен дамуы - әр отбасының экономикасының дамуы мен ұлғаюына байланысты екені сөзсіз. Кез келген бюджет үнемделіп қана қоймай, ұлғайтылуы да керек. Бұл, әсіресе отбасылық бюджетке қатысты. Отбасылық бюджет деген не және оны қалай ұлғайтамыз деген сұрақ бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

Осы орайда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қаржылық сауаттылық клубы аясында  «Отбасы бюджетін үнемдеу және тиімді пайдалану» атты бизнес сабақ ұйымдастырылды.

         Шара барысында қатысушыларға жеке және отбасылық қаржыны басқару, жеке қаражатты тиімді түрде жоспарлау және басқару туралы ақпарат берілді.

        Отбасы бюджетінде қаражат үнемі жеткілікті болу үшін не істеу керек? Ақшаны жақсы тауып қана қоймай, сондай­-ақ кез келген күтпеген жағдайға қажетті қаржыны қалай жинақтауға болады, отбасылық бюджетті сауатты қалыптастырудың негізгі  қағидалары  жайында және «Орда», «Өз үйім» бағдарламалары  туралы Тұрғын үй жинақ банкінің кеңесшілері Ш. Жолдасбекова мен  А.Қазбекова кеңестер берді.

Шара аясында «Қаржылық сауаттылық табыс  жолы» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.



    2019 жылдың  24-25  қаңтар  күні  Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап  ғылыми кітапханасында  «Қаржылық сауаттылық клубы» аясында Қызылорда облысы  кәсіпкерлер палатасы  мамандарымен  бірлесе отырып,  болашақ  кәсіпкерлерге  арналған 

« Кәсіпкерлік  және бизнес негіздері» атты екі күндік  семинар сабақ ұйымдастырылды.                                                     Семинарда  психологиялық  кәсіпкерлік  тақырыбы  бойынша кеңестер  берілді.  Атап  айтқанда  өз кәсібін құрудың негіздері, бизнес-жоспар әзірлеу мен нарық мүмкіндіктерін талдау, мемлекет тарапынан қандай демеу тетіктері қарастырылған және кәсіпкерге қойылатын талап-шарттар туралы  кеңінен  айтылды.



2019 жылдың 1 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап  ғылыми кітапханасында  «Қаржылық сауаттылық клубы» аясында   Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қызылорда филиалының қаржы ұйымдарын бақылау және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау бөлімінің мамандарымен бірлесе отырып, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бағытындағы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік ісін бастаушы азаматтар арасында, "7-20-25" бағдарламасы  бойынша ипотекалық несие алудың жаңа мүмкіндіктері, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта бизнес кәсіпорындарына несие беру механизмдері жөнінде, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына енгізілген өзгерістер, қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау жайлы ақпараттар берілді.






       2019 жылдың 11-12 наурыз күндері Ә.Тәжібаев  атындағы  облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасында  «Қаржылық  сауаттылық  клубы» аясында Қызылорда  облысы Кәсіпкерлер палатасымен бірге  «Кәсіпкерлік  бастамаға кең-өріс» атты бизнес  сабақ ұйымдастырылды.

      Мақсаты: өз ісін бастағысы келетін  азаматтарға  қолдау көрсету,  шағын несие алу   тұрғысында ақыл-кеңестер  беру,   қаржылық операциялар барысындағы қателіктердің алдын алу.  Бизнес сабақ барысында болашақ кәсіпкерлерге бизнес тренер  М. Қасымжанқызы кәсіп бастаудың  түрлі қағидаларын,   мемлекет тарапынан көрсетіліп  жатқан қолдаулар туралы, бастапқы капиталды қалай табу  жолдары және  табыс көзін арттыру сияқты негізгі ережелері  жайында  кеңінен баяндады.



Бүгінде кәсіп ашып, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізгісі келетіндер аз емес. Бірақ олардың көпшілігі алғашқы қадамды қалай және неден бастау керектігін біле бермейді. Сондықтан жаңадан іс бастаған кәсіпкерлер үшін 23-24 сәуір күндері Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Қаржылық сауаттылық клубы» аясында  Қызылорда  облысы  Кәсіпкерлер палатасымен  бірге  «Бизнес-Кеңесші» - кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша семинар  ұйымдастырылды.

 Семинар барысында жеке кәсіп бастауды жоспарлап жүргендерге, оны қалай жандандыруға болады? Ең бастысы, сататын тауарыңның жарнамасын қалай дұрыс жасаған жөн. Осындай сауалдардың барлығына жауап алды.

Сондай-ақ, семинар қатысушыларына бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірыңғай мемлекеттік бағдарлама жайында, ондағы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік ісін бастаушы азаматтарға бағытталған басымдықтары да түсіндірілді.



   2019 жылдың  13-14 маусым күндері Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы  мамандарымен бірлесіп «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында азаматтардың жеке бизнесін ашуға және жұмысын оңтайландыруға көмек көрсететін  қысқа мерзімді кәсіпкерлерге арналған оқыту курсын  өткізді. Мақсаты – тренинг-семинарлар арқылы кәсіпкерлердің кәсіби біліктілігін көтеру болып табылады. Оқу барысында қазіргі таңда қандай кәсіппен айналысуға болады? Бизнес-жоспардың дұрыс құрастырудың жолдары қандай? Қандай салада бәсеке аз және сұраныс көп? Сондай-ақ табысты арттырудың жолдары және әлеуметтік желілерде жарнама жасаудың тәсілдері жөнінде кең көлемде мәліметтер берілді.


 


06 наурыз 2018 ж. 18:42
0 қарау
Пікір
1
Duncan 24 мамыр 2022 09:49
Watch Factory Глобальная доставка Посетите веб-сайт, чтобы увидеть больше стилей:replicas relojes
Цитировать         

комментариев публикаций
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x