"Өнер клубы"

     Кітапхананың өнер бөлімі жанынан ашылған «Өнер» клубы 2013 жылдың желтоқсан айында ашылған.

   Клубтың мақсаты: Өнер саласындағы дарынды жандар шығармашылығын насихаттау; мүдделері мен қызығушылықтары ортақ жандарды біріктіру; олардың арасында жылы достық қарым-қатынас орнату; жастардың өнерге деген қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыруға ықпал ету; рухани тәрбие беру; эстетикалық, танымдық көзқарасын байыту. Әр түрлі өнер саласы (музыка, би, кино, театр, сурет, сәулет, кескіндеме, қолөнер) бойынша мәдени-көпшілік жұмыстар ұйымдастыру.

    «Өнер»клубына өнерді сүйетін, шығармашылық қабілеті бар кез келген кітапхана оқырманы мүше бола алады.

Клуб аясында жастарға қазақ халқының аспаптық музыкасы туралы нақты білім беру, домбыраны тану арқылы ұлттық өнерді құрметтеуге баулу, музыкалық сауатын арттырып, аспапта ойнау шеберліктерін шыңдау және рухани тәрбиелеу мақсатында домбыра үйрену үйірмесі жұмыс жасайды.

    Үйірме сабақтары аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері жүргізіледі.

    Домбыра тартып үйренем деушілерге есік ашық. Жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды.


 

«Өнер» клубының 2017 жылға жұмыс жоспары


 

Іс-шараның аты

Жұмыстың түрі

Өтетін уақыты

1

Клуб мүшелерінің отырысы

Есепті жыл жоспарын талқылау

1 тоқсан

2

«Күмбірлеген күй сазы»

Халық күйшісі Әлшекей Бектібайұлының туғанына 170 жыл

«Күй құдірет - күй ғалам»

Күй кеші

Кітап көрмесі

2 тоқсан

3

«Ұлағатты білім шаңырағы»

Қызылорда музыкалық колледжіне 40 жыл

«Киелі өнер ордасы»

Музыкалық кеш

Кітап көрмесі

3 тоқсан

4

«Алдаспан жырдың жампозы»

Базар жырау Оңдасұлының туғанына 175 жыл

Саңлақ сүлей – Базар жырау

Жыр кеші

Кітап көрмесі

4 тоқсан

5

Клуб мүшелерінің отырысы

Жыл шараларын қорытындылау

4 тоқсан

 

  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                              

                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


10 ақпан 2015 ж. 17:44
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: