«Ел мүддесімен ұштасқан жолдау» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына байланысты 27 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ел мүддесімен ұштасқан жолдау» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Елбасымыздың биылғы Жолдауы – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат. Көрменің мақсаты: Елбасы Жолдауының жастарға маңыздылығын жеткізу, онда көрсетілген негізгі мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға шақыру. Сонымен қатар көрмеге оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Л.Бәйтенова шолу жасап, оқырмандарға «Жолдаудың 5 негізгі басымдығы», «Маңызды кешенді 3 міндет» туралы айтып әр тармаққа сараптама жасады.
|
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |