«Кітаптар қалашығына шақырамыз» Облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі арнаулы мектеп-интернат оқушыларымен және ұстаздарымен түрлі шаралар өткізеді.
5 ақпан күні «Кітаптар қалашығына шақырамыз» жобасы аясында Талсуат елді мекеніндегі облыстық балаларға арналған психоневрологиялық интернатынан 20 бала кітапханаға саяхатқа келді.
Саяхат барысында балалар кітапхана бөлімдеріне, «Тәуелсіздік» залына саяхат жасады. Бөлімде ұйымдастырылған «Кітаппен бірге өсеміз», «Ертегілер әлеміне саяхат», «Балаларға базарлық» кітап көрмелерімен танысты. Сонымен қатар балаларға мультфильмдер көрсетілді.
|
Гости13
Роботы31
Список пользователей
SungKS
Был(a) в сети 31 минуту назад
Айнура Джаулбаева
Был(a) в сети 10 часов назад
bolgupittay517
Был(a) в сети 21 час назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ