ЕСБАТЫРОВ ЖҰМАБАЙ

     1907 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданының №24 ауылында дүниеге келген. 1930 жылы Шымкент педтехникумын, 1937 жылы «Правда» атындағы Бүкілодақтық КИЖ-ді бітірген. Сондай-ақ Свердлов атындағы шығыс халықтары институты жанындағы марксизм-ленинизм классиктері шығармаларының редактор-аудармашыларын даярлайтын жоғары курста білім алған.

     Еңбек жолын баспасөзден бастаған. Аудандық, облыстық, республикалық газеттер мен журналдардың арнаулы тілшісі, жауапты хатшысы, редактордың орынбасары және редакторы болып істеді. Кейініректе республика баспаларында басшы қызметте болған.

   Ол М.Горькийдің, С.Михалковтың, О.Бальзактың, Б.Кербаев, Л.Кассильдің, Батыс Еуропа классиктерінің туындыларын қазақ тіліне аударған. 100-ден астам фельетон, очерк, әңгімелері бар. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері», т.б. медальдармен марапатталған.
 

Əдебиеттер:


  Есбатыров Жұмабай //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 189-190 б.

  Есбатыров Жұмабай //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 144-145 б.

  Есбатыров Жұмабай //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 115 б.

  Есбатыров Жұмабай //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 212-213 б.

  Есбатыров Жұмабай // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Басред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ  энциклопедиясы, 2005. – 204 б.

  Есбатыров Жұмабай //Сырдария (Тереңөзек) ауданы: Шежіре /Құраст. Т.Дайрабай. – Алматы: Арыс, 2009. – 118 б.

  Есбатыров Жұмабай //Тереңөзек: Дерекнамалық баян / Ред. Е.Дүйсенбай.- Алматы: Ана тілі, 1996.- 176-177 бет.

  Жұмабай Есбатыров // Дайрабай Т. Сырдың сырлы сыры. – Алматы: Арыс, 2005. – 255б.


21 апрель 2015 г. 10:03
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: