ЖАНАЕВ РҮСТЕМ

    1944 жылы 2 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы ауданының «Дихан» ауылында дүниеге келген. Абай  атындағы мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет факультетін қызыл дипломмен тәмімдап, аспирантурасын  сырттай оқып бітірген. Еңбек жолын мектепте мұғалім болудан бастап, 1980-1992 ж. ауыл шаруашылық  кәсіподағында, 1992 жылдан аудан әкімінің орынбасары, 1994-2004 ж. Әйтеке би кентінде №8 кәсіптік-  техникалық мектептің директоры болды. Аудандық оқушылар үйінің директоры қызметін атқарған.

    Алғашқы жинағы «Мәуелі махаббат» деген атпен 1974 ж. жарық көрген. «Бақыт босағасы» (1977), «Мезгіл  мақамдары» (1982), «Сағынып кеттім мен сені» (2004), «Әйелдердің көз жасымен ойнама» секілді жыр  жинақтарының және «Жанайқай» повестер мен әңгімелер жинағының авторы. Сонымен қатар «Жанқожа батыр»  пьесасын жазған. «Шапағат» медалінің иегері.

 

 

Əдебиеттер:

  Жанай Р. Əйелдердің жүрегімен ойнама: (Махаббат кітабы) / Р.Жанай - Қызылорда: Тұмар, 2006.- 96 б.-(Махаббат жырлары)

  Жанай Р.І.Бір өзіңе: Өлеңдер. – Алматы: Маржан, 1999. – 96 б., сур.Жанай Р. Дəулет батыр дастаны / Р.Жанай.- Алматы, 2007

  Жанай Р. Жанайқай. – Қызылорда: Тұмар, 2004. – 160 б.

  Жанаев Р. Мезгіл мақамдары: Өлеңдер. – Алматы: Жалын, 1982. – 56 б. Жанай Р. Сағынып кеттім мен сені. – Қызылорда: Тұмар, 2004. – 152 б.

  Жанай Р. Шығармалары: Өлеңдер, поэмалар, əңгімелер, повестер, пьеса / Р.Жанай; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2007.-448 б.- (Сырдария кітапханасы)

  Жанаев Рүстем //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 203 б.

  Жанай Рүстем: [Өмірбаяны, өлеңдері берілген] //Жүректегі жауһарлар. Сыр елі ақын- жазушылары шығармаларының жинағы /Құраст. К.Сағымбайұлы– Қызылорда: Алтын Орда, 2001. – 40-44 б.

  Жанаев Рүстем//Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева.– Алматы: Ан Арыс, 2009. – 157-158 б.

  Жанаев Рүстем //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 124 б.

  Жанаев Рүстем // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 219 б.

  Жанаев Рүстем //Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна, 2008. – 209-210 б.

  Бекбергенова Р. Рүстем Жанаевтың «Мезгіл мақамдары» өлеңдер жинағы жайлы //Ленин жолы. – 1982. – 5 нояб.

  Божанова А. Азамат ақын: Рүстем Ідірұлы Жанаев туралы / А.Божанова, С.Əбішев // Сыр бойы.- 2009. - 16 желтоқсан

  Елінің еркесіеді ерен біткен: Ақын Р.Жанайдың қазасына //Сыр бойы. – 2009. – 21 қаңтар

  Жақып Ж. Ақын жүрегінің жылуы //Сыр бойы. – 2002. – 15 қаңтар

  Қазыналы мекеннің жыр керуені: Ə.Тəжібаев атындағы ғылыми-əмбебап кітапханада ақын Р.Жанаев, Ж.Мəкенəлі т.б. қаламгерлермен оқырмандар кездесуі өтті. // Сыр бойы.- 2006.-21 қазан.

  Мəкенəлі Ж. Жалынды сөз зергері: Жазушы Рүстем Ідірұлы Жанайдың өмірден озғанына екі жыл / Ж.Мəкенəлі //Қазалы.- 2011. – 19 қаңтар. -14 б.

  Мəкенəлі Ж. Жанаев оқулары қашан басталады?: Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Р.Жанаевты еске алу кештері өткізілуде / Ж.Мəкенəлі //Қазалы.- 2010.-7 сəуір.-7 б.

  Рүстем Жанай: Қазанама //Сыр бойы. – 2009. – 21, 23 қаңтар – 3б.


 

21 апрель 2015 г. 15:18
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: