КІРЕБАЙҰЛЫ АСҚАР

     Асқар Кіребайұлы 1946 жылы Жалағаш ауданының Ақарық ауылында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1980).
     Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі. Кіребайұлы Асқар Еңбек жолын 1964 жылы бастап, Сырдария ауданында «Сырдария» газетінде корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болған. 1980 жылдан Қызылорда облысы «Ленин жолы» (Сыр бойы) газетінде әдеби қызметкер, Жаңақорған, Шиелі аудандары бойынша меншікті тілші, бөлім меңгерушісі, Жалағаш ауданы «Жаңадария», Сырдария ауданы «Сырдария», республиканың «Кәсіпкер», «Қарашаңырақ» газеттерінде бас редактор, «Ауыл», «Заман-Қазақстан» газеттерінде меншікті тілші, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театрында директор қызметтерін атқарған. 1975 жылы жас ақындардың «Көктем тынысы» атты жыр жинағына өлеңдері енген. Алғашқы кітабы «Сыршыл көңіл»  деген атпен 1978 жылы жарық көрді. 1987 жылы балаларға арналған «Алғашқы бәйге», 1992 жылы «Іңкәрдария» өлеңдер жинағы жарық көрді. «Сыр өңірінің қара шаңырағы» театр тарихы туралы, «Өркенді өнер» атты прозалық шығармалары мен «Аламесек» өлеңдерінің толық жинағы шықты. Қызылорда облысы драма театрында «Арманым. Әнім. Іңкәрім.» поэтикалық қойылымы, 2005 жылы «Махаббат пен Ғадауат» атты драмалық спектаклі сахналанған. Барлық республикалық басылымдарда өлеңдері, шығармалары 1970 жылдардан бері жарияланып  келеді. «Көктем тынысы», «Жаттамақ», «Миллиард» жыр жинақтарына, қарпақ тіліндегі «Дала туысқандығы» кітабына топтама өлеңдері енген.
 

Əдебиеттер:


  Кіребайұлы А. Сейхундария / А.Кіребайұлы.- Қызылорда: Тұмар, 2006.- 264б.

  Кіребайұлы А. Сыр өнерінің қара шаңырағы /А.Кіребайұлы.- Қызылорда: Тұмар, 2005.- 240 б.Кіребайұлы А. Шығармалары: Хикаяттар, əңгімелер, сатиралық əңгімелер, эсселер мен мақалалар жəне сахналық шығармалар / А.Кіребайұлы; Жауапты ред. 

  Б.Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2009. - 368 б. - (Сырдария кітапханасы)

  Кіребайұлы Асқар: [Өмірбаяны] //Жүректегі жауһарлар. Сыр елі ақын-жазушылары шығармаларының жинағы /Құраст.К.Сағымбайұлы

– Қызылорда:Алтын Орда,2001. – 54б. Кіребаев Асқар //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 281 б.

  Кіребайұлы Асқар //Қазақстан жазушылары /Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 213 б.

  Кіребайұлы Асқарбек //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 169 б.

  Кіребайұлы Асқар //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 275 б.

  Арғымағым сүрінді алпыстан аса бергенде: Қаламгер А.Кіребайұлы дүниеден озды //Сыр бойы. - 2008. - 10 маусым

  Асқар шықты асқарға арқаланып: Ақын А.Кіребайұлы 60 жаста //Сыр бойы. – 2006. – 2 қараша

 Аяшұлы Д. Толқынды дариядай өршіл өлең: Ақын А.Кіребайұлының "Тұмар" баспасынан шыққан "Сейхундария" атты таңдаулы өлеңдер жинағы туралы /Д.Аяшұлы //Сыр бойы. - 2007. - 13 маусым

  Исаев И. Беделім ең сен менің ел жақтағы: Ақын А.Кіребайұлының қазасына арналған өлең / И.Исаев //Қазақ əдебиеті. - 2008. - 13-19 маусым 

  Кіребайұлы Асқар: Ақын. 1946-2008 / Қазанама // Сыр бойы.- 2008.-10 маусым КіребайұлыА. Егер сен саясатпен айналыспасаң, саясаттың өзі сенімен айналысады: Ақын А.Кіребайұлымен сұхбат / Əңг. С.Пірназар // Егемен Қазақстан.- 2005.

- 25 қараша

  Кіребайұлы А. Елде жүремін деп көп нəрсені жоғалтып алған сияқтымын: Ақын, журналист А.Кіребайұлымен сұхбат / Сұхб. Р.Игілік. – Айқын. – 2005. – 6 қырк.

  Кіребайұлы А. Өзіңді өзің сыйласаң...: Ақын А.Кіребайұымен сұхбат /Сұхб. Ə.Əнуарбекұлы //Ақмешіт апталығы. – 1996. – 5 сəуір

  Құрбан Қ. Театр туралы туынды: А.Кіребаевтың «Сыр өнерінің қара шаңырағы» атты кітабы туралы //Сыр бойы. – 2005. – 2 қараша

  Рахымбекұлы Ə. Жаз көңілді жан еді: Ақын А.Кіребаев туралы / Ə.Рахымбекұлы // Сыр бойы. - 2009. - 20 мамыр

 


22 апрель 2015 г. 16:09
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: