МҰҚТАРҰЛЫ СЕЙСЕН

     1946 жылы 22 шілдеде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жетітөбе елді мекенінде теміржолшының отбасында туған. 1969 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы «Жазушы» баспасында корректор болып бастаған. 1971–1982 жж. Қазақ Совет энциклопедиясында аға ғылыми қызметкер, 1982–1986 жылы «Өнер» баспасында редактор, редакция меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1992–1995 жж. «Жалын» баспасында аға редактор, ҚР Мемлекеттік Орталық мұрағатында ғылыми басылымдар бөлімін басқарды. Осы кезде «Жалын» баспасының тапсырысы бойынша «Кәмпеске» атты тарихи-анықтамалық кітабы жарық көрді. Өмірінің соңғы жылдарында Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің аға оқытушысы болып қызмет атқарды. 
     Алғашқы өлеңдер жинағы «Бүлдіршін» деген атпен 1967 жыл «Жазушы» баспасынан жарық көрді. «Құм кескен керуен» (1971), «Саптағы сарбаз» (1974), «Тағы бір көктем» (1978), «Нұр тағысы» (1982) өлеңдер жинағының авторы. 
     «500 сұраққа жауап» атты өнертану, зерттеу кітабы (1990), «Шоқан және өнер» атты ғылыми-публицистикалық кітабы және халық суретшісі К.Тельжанов туралы тарихи-библиографиялық «Атамекен» атты повесі (1985) «Өнер» баспасынан жарық көрді. 
    1990 жылдан бастап Қорқыт жайлы еңбектері жарық көре бастады. «Жазушы» баспасынан «Күн желкен» немесе «Қорқыт ата дастаны» басылып шықты. «Қорқыт ата» энциклопедиялық жинағына (1989) «Қорқыттануға баспалдақ» атты ғылыми-зерттеу еңбегі енгізілді. 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен «Қара шаңырақ» атты лирикалық кітабы жарық көрді.
 
Əдебиеттер:

     Мұқтарұлы С. Ата мекен: Тарихи- ғұмырнамалық хикаят / С.Мұқтарұлы.- Алматы: Өнер, 1985.- 264 бет.
   Мұқтарұлы С. Бүлдіршін: Өлеңдер / С.Мұқтарұлы.- Алматы: Жазушы, 1967.- 27 б. Мұқтарұлы С.   Кəмпеске: Көптомдық тарихи-анықтамалық басылым /С.Мұқтарұлы. - Алматы: Жалын, 1997.- 416 б.
     Мұқтарұлы С.   Қара шаңырақ / С.Мұқтарұлы.- Алматы:Ана тілі, 2001.- 192 бет.
     Мұқтарұлы С.Қорқыт Ата: Қорқыттануға баспалдақ /С.Мұқтарұлы.- Түркістан: Мұра, 2007.- 68 б.
     Мұқтарұлы С. Құм кешкен керуен: Өлеңдер жəне поэма. – Алматы: Жазушы, 1971. – 30 б.
     Мұқтарұлы С.Саптағы сарбаз / С.Мұқтарұлы.- Алматы: Жазушы, 1974.- 76 бет.
    Мұқтарұлы С.Шоқан жəне өнер: Түсініктемеге негізделген иллюстрациялы ғылыми-публистикалық кітап /С.Мұқтарұлы.- Алма-Ата: Өнер, 1985.- 310 бет.
     Мұқтарұлы  Сейсен  //Қазақ  əдебиеті:  Энциклопедиялық  анықтамалық  -    Алматы: «Аруна», 2005.- 379 б
     Мұқтарұлы Сейсен //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева.   – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 280 б.
    Мұқтарұлы Сейсен //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 219б.
     Мұқтарұлы   Сейсен   //Иманғалиев   С.,   Қыстаубаева   З.   Қызылорда   көшелері.   – Алматы,2009. – 103 б.
     Мұқтарұлы Сейсен //Жаңарған Жаңақорған: Тарихнама. – Алматы: Əл-Фараби, 1998. – 209-210 б.
     Мұқтарұлы Сейсен //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. –  372 б.
    Кіребайұлы А.Қарымды тірлік атқарды, қарапайым өмір сүрді: Ақын Сейсен Мұқтарұлы туралы // Кіребайұлы А. Шығармалары.- Астана,2009.- 169-173 б
     Сопыбеков   А.   Сейсен   Мұқтарұлы   //Сопыбеков   А.   Жаңақорған:   Тарихнама. – Шымкент: Кітап, 2008. – 435-436 б.
    Сопыбеков А. Сейсен Мұқтарұлы: Өлең // Сопыбеков А. Дөңгеленген дүние: Өлеңдер мен поэмалар.- Астана: Фолиант, 2008.- 159-161 б. - (Сырдария кітапханасы)
    Аяшұлы Д."Тұсау кесердің" тұсауы кесілді: Белгілі қаламгер, өнертанушы ғалым, ақын Сейсен Мұхтарұлының балаларға арнап жазған "Тұсау кесер" атты кітабының тұсаукесер  рəсімі  өтті / Д.Аяшұлы //Сыр бойы.- 2007.-12 маусым
     Əлмашұлы Ж. "Сағынғаннан сəулеге мен айналдым..." : Ақын Сейсен Мұқтарұлы туралы // Егемен Қазақстан. - 2008.- 22 наурыз. - 11 б.
     Кіребайұлы А. Ащы бейнеттің тəтті дəмі //Сыр бойы. – 2000. – 27 шілде
     Оспан С. Қаламгерлік бейнеттің бəйгеторысы: Ақын С.Мұқтарұылының туғанына 60 жыл //Сыр бойы. – 2006. – 18 шілде
     Өтегенов С. Күн желкен құдырет: Ақын Сейсен Мұқтарұлы туралы //Сыр бойы. – 1999. – 27 қараша
    Рахматулла Ж.Бір минут - біреудің оралмас тағдыры:Ақын Сейсен Мұқтарұлының шығармашылығы хақында / Ж.Рахматулла // Қазақ əдебиеті.- 2003.- 19-25 желт. (N51).- 12б.
     Сахиев Ф. Сан қырлы өнердің дарабозы: Ақын С.Мұқтарұлы жайлы толғаныс//Жаңақорған тынысы. – 2006. – 19 шілде


23 апрель 2015 г. 10:26
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: