Бақтыбай батыр

     Бақтыбай батыр (1720, кейбір деректерде 1698-1780) – аға батыр, қолбасшы. Қазақ-қалмақ соғысында Әбілқайыр ханның сенімді серігі болған. Шекті руынан шыққан. Әкесі – Төлес би. Бақтыбай батыр 15 жасында Әбілқайыр жасағының құрамында шайқасқа қатысып, ерлігімен көзге түскен. Есет батырдың қолдауымен Шекті жасақтарына қолбасшы болып тағайындалған. Есімі сарбаздардың жауынгерлік ұранына айналған. Бақтыбай батыр бастаған жасақтар Бұланды және Аңырақай шайқастарында жауды жеңуге үлкен үлес қосқан.

     Жалпы Бақтыбай батыр туралы бірінші жазба деректер Ресей патшалағының өкілі – елші әрі тілмаш М.Тевкелевтің Әбілқайыр ханның ордасына келуімен байланысты берелген. Осы жазба мәліметтер 1750 жылдың аяғына дейін жалғасады. М.Тевкелевтің Ресей сыртқы істер министрлігіне жазған құпия хатында (1732 ж. 20 маусым) полковник Гарбердің басшылығымен Ресейден Бұхара мен Хиуаға бет алған 500 түйелі керуенін Бақтыбай батыр басып алып, дүние-мүлкін жергілікті елге таратып бергені баяндалады. Сондай-ақ кеңес заманында сақталған көне архивтік құжаттарда (атап айтқанда, «ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ-орыс қарым-қатынастары» деген құжаттар кітабында Бақтыбай батырдың тарихи тұлға екендігін қуаттайтын 7 дерек бар). «Қазақ кеңес энциклопедиясында» инженер-тарихшы М.Тынышбаев жинаған Қазақ шежіресінде үзік деректер кездеседі.

     Бақтыбай батырды жергілікті халық «Әлім Қарасақал әулие» деп те атайды. Бақтыбай батыр майдан алаңында қаза тапты. Жем өзені бойындағы «Қарасақал әулие» зиратына (қазіргі Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ақжар ауылы) жерленген.


04 май 2015 г. 09:36
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: