Желкілдек батыр

     Бөлтекұлы Желкілдек батыр 1723 жылы шамасындақазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жайылма  ауылы маңында туылған.1723 жылы жоңғардың қалың қолы қазақжеріне тұтқиылдан баса көктеп кіріп, Жетісуды,  Қаратау, Талап алқабында көшіп-қонып жүрген қазақ ауылдарына ойран салғаны белгілі. Бұл «Ақтабан  шұбырынды-Алқакөл сұламаның» басы еді. Осындай ел басына күн туған заманда дүниеге келген Желкілдектің  атын бабамыз Бөлтек қазақтың ерте аңыздарында айтылатын «Желкілдек батырдай ержүрек болсын, ел арқа  сүйейтін ер болсын» деп азан шақырып, құлағына дауыстаған көрінеді. Көнекөз кісілердің суреттеуі бойынша,  ол дене бітімі өте сымбатты, төрт құбыласы тең ауқатты батыр болған.

     1745 жылы Сыр бойында жоңғарлармен үлкен шайқас өтті. Желкілдек батыр жекпе-жекте жоңғардың атақты  батырын жеңіп, жоңғарларды сыр бойынан ығыстырды.

     Ер қанаты жылқы ғой, Желкілдектің жүйрік бәйге торысы болған. Қалмырза Жылқының жанын түсінген, жайын  білген сенімді Қалмырза деген атқосшысы аттың маңайына өзінен басқаны жақындатпаған. Қасында жатып, қас-  қабағына қарап отырған. Батырдың қай кезде мініп, қай кезде оралуын бағып, соған қызмет жасаған. Сол сезімтал арғымақ Желкілдек пен Қалмырзадан басқаны жанына жуытпаған. Батыр қайтыс болғанда байлаулы жылқы бас жібін үзіп, бейітіне қарай шаба берген, көзін жас алып, күрсіне кісінеп, жоқтаған деген де көненің әңгімесі бар. Сөйтіп көп ұзамай жылқы да өлген. Ел оны да батырларша арулап жерлеген екен.

     Желкілдек батыр Қожа Ахмет Яссауиге жерленгені жөнінде А.Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінің ұстазы, тарих ғылымдарының кандидаты Х.Маханов растап берді. Жалпы онда қазақтың 21 ханы, 130-дан аса батырлары жерленгені анықталған.

04 май 2015 г. 10:15
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: