Шалқошқар батырШалқошқар батыр 1770 жылы, қазіргі Қазалы ауданы Бекарыстан би атындағы ауылда туып, 1811 жылы дүниеден өткен. Кіші жүз Әлім тайпасының Шекті Кішкенесінен шыққан. Ел аузында сақталған аңыз әңгімелерге қарағанда Шалқошқардың батырлығы, алып-күштілігі жас кезінен-ақ аңғарылған. Ағайын-туысқа өте сыйлы, қолы жомарт, дау-дамайды бітімгершілікпен шешетін ақылды кісі болған. Түрікмендерге қарсы соғыстарға қатысып, олардың бейбіт жатқан елге тұтқиылдан жасаған шапқыншылықтарына өз жасақтарымен тойтарыс берген. Жаудың батырларын жекпе-жекте жеңген, тұтқынға түскен адамдарды азат етіп, барымтадағы малды қайтарған. Сүйегі Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылында жатыр. Ұрпақтары негізінен Қазалы ауданында тұрады. |
Пікір
1
Гости11
Роботы21
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ