МАҚАНОВ ДҮЙСЕМБАЙ

       Дүйсембай Мақанов 1909 жылы Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Егінді ауылында туған. 1936—1942 жылдары Алматы облысының «Октябрь» қой совхозында басшы қызметтерде болды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945 жылдың соңғы айларында Д.Мақанов қайтадан Алматы облысының «Октябрь» совхозына келіп, директордың орынбасары болып тағайындалды, ал 1946 жылдың тамыз айында директор болды.

        1948 жылы Қызылорда облысының артта қалып келген «Қазалы» совхозына директор болып жіберілді. Д.Мақановтың басшылығымен 13 жыл ішінде бұрын артта қалып келген осы шаруашылық облыстағы улгілі ірі совхозға айналды.

         1958 жылы Дүйсембай Мақановқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

       1959 жылы «Қазалы» совхозы Арал маңындағы биязы жүнді қой өсіру жөніндегі көп жылдық гылыми жұмыстардың қорытындысы бойынша асыл тұқымды мал совхоздары тобына жатқызылды. Совхоз жыл сайын республиканың колхоздары мен совхоздарына жүздеген асыл тұқымды қошқарлар беріп отырды.

       Д.Мақанов Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған, аудандық Советінің депутаты, аудандық және облыстық партия комитеттерінің мүшесі болған.

         1961 жылы Д.Мақанов Алматы облысы «Сарыбұлақ» қой совхозына директор болып ауыстырылды.


 


04 май 2015 г. 18:19
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: