ТЯН ГЫМ ЧЕР

    Тян Гым Чер 1916 жылы Владивосток қаласында туған. Қызылорда ауыл шаруашылық техникумын бітіріп, 1940 жылы осы облыстың Шиелі ауданындағы «Авангард» колхозына агроном етіп жіберілді. Күріш өсірумен айналысатын «Авангард» колхозына келген агроном 1941 жылы мол өнімді күріш тұқымының жаңа сортын сынады. Тәжірибе ойдағыдай шықты: астықтың шығымдылығы 20 центнерден 49 центнерге жетті, ал атақты Ким Ман Самның звеносы рекордты өнім жинады. Күріштің осы сорты бұдан соң ауданның барлық шаруашылығына ұсынылды.

    Қажырлы ізденудің, ғылым жетістіктерін өндіріске батыл енгізудің және озат тәжірибенің нәтижесінде 1948 жылы «Авангард» колхозында өте жоғары өнім алынды: көлемі 40 гектар егістіктің әр гектарынан 80 центнерден күріш жиналды. Бұл — агрономның үлкен еңбек жеңісі еді. Сол жылдары мол өнім тек көлемі аз жерден — 5—10 гектардан ғана алынды.

    Аса көрнекті табысы үшін СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылғы 20 мамырдағы Жарлығымен Тян Гым Черге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

    Көп үзамай агроном валиктерді жалғастыруды ойлап тапты, бұған дейін олар қолмен жалғастырылатын. Оның тапқан жаңалығын облыстың барлық колхоздары қолданды. Аз уақыт өткен соң Тян ауданда бірінші болып күріш тұқымының жаңа сортын сынады, мұның өзі күріш жинауды механикаландыруға мүмкіндік берді, Тәжірибе ойдағыдай болып шықты: «Авангард» колхозы осы сортты тұқыммен облыс шаруашылықтарын қамтамасыз етті. Агроном тағы да облыста бірінші болып егістіктің арам шөптерін самолетпен химиялық отау әдісін жүзеге асырды.

    1966 жылы «Авангард» колхозы күріштен жоғары өнім жинады: көлемі 1100 гектар егістіктің әр гектарынан орта есеппен 30,3 центнерден дән алынды. Мемлекетке күріш тапсыру жоспары 115 процент орындалды.

    Ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық салаларында жоғары көрсеткішке жеткені үшін колхоздың бас агрономы СССР Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің медалімен және Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен наградталды. Тәжірибелі, іскер маман Тян Гым Чер ВАСХНИЛ Қазақ филиалының ғылыми сессиясына шақырылды.


08 май 2015 г. 09:34
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: