ЖАҚАЕВ ЫБЫРАЙ

   Ыбырай Жақаев 23 маусым 1891 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Қызыл Ту» колхозында (қазіргі Ы.Жақаев атындағы) дүниеге келді. Әйгілі күріш өсіруші, ауыл шаруашылығының жаңашылы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1949, 1971), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1946).

    Шиелі ауданындағы «Қызыл Ту» кеңшарының бөлімше жетекшісі болған. Ол республикаға бірінші болып күріш тұқымын жоңышқа атызына екті. Тұқымды себу алдында күнге қыздыру, көң мен суперфосфат ерітіндісіне бөктіріп, бүршіктендіріп себу, қамыс және күрмек арамшөптерімен күресу, күріш егісіне тыңайтқыш енгізу мөлшері мен мерзімін дұрыс анықтау сияқты агротехникалық шараларды өндіріске енгізді. Бұл технологиялық әдістер «Жақаев агротехникасы» деп аталды.

    1966 жылдан зейнет демалысына шығып, жасының ұлғаюына қарамастан жастарға өз тәжірибесін үйретті. Осы жылдары республикада жақаевшылар қозғалысы кеңінен өрістеді.

   Ы.Жақаев Ленин орденімен 4 рет, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен, Бүкілодақтық ауыл шаруашылық және Бүкілодақтық халық шаруашылық жетістіктері көрмелерінің алтын медальдарымен марапатталған.

Ұлы диқан 1981 жылғы 19 қыркүйекте 91 жасында дүниеден өтті.

   Шиелі ауданындағы бұрыңғы «Қызыл Ту» ұжымшары, орта мектеп, Қызылорда қаласындағы көше, облыстық емдеу-сауықтыру профилакторийі Жақаев есімімен аталады. Шиелі ауданындағы Жақаев ауылында күріш өсіру тарихы мұражайы ашылған. Қызылорда қаласында Ы.Жақаевқа ескерткіш орнатылған.

08 май 2015 г. 16:39
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: