ОПАЛҚОЖАЕВ СЕРҒАЗЫ

   Опалходжаев Серғазы 1882 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы №3 ауылда кедей шаруа отбасында дүниеге келді. Еңбек жолын 1906 жылы жүкші болып бастаған. 1914 жылдан бастап Перовск стансасында (қазіргі Қызылорда қаласы) жүкші, жұмысшы, телеграфист, бас кондуктор болып еңбек етті. 1918-1919 жылдары Перовск қаласындағы темір жол бөлімшесінде ұйымдасқан астыртын партизан отрядына қатысады.

  Бейбіт өмірге оралғаннан кейін, ұзақ уақыт темір жол жүйесінде жұмыс істейді. Ол алғашқы бесжылдықтарды орындауға, елді индустрияландыруға белсене ат салысты. Ұлы Отан соғысы жылдарында темір жолда қажырлы еңбек етті.

    С.Опалходжаев бірнеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

  С.Опалходжаевтың қажырлы еңбегі өкімет тарапынан лайықты бағасын алды. Ол Ленин, "Қызыл жұлдыз" ордендерімен наградталды. С.Опалходжаев – республиканың құрметті теміржолжысы. 1968 жылы 24 желтоқсанда оған "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағы берілді.

Дербес зейнеткер С.Опалходжаев 1970 жылы 20 қазанда қайтыс болды.

08 май 2015 г. 17:31
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: