«Астана – әлем таныған қала» (Виртуалды-саяхат сабақ)

         Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінде

«Астана – әлем таныған қала» виртуалды-саяхат сабақ ұйымдастырылды.

    Негізгі мақсаты - Астана туралы мағлұмат беру, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру; отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету; ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу. Әр елдің баласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білу керек. Астана – еліміздің бас қаласы. Тәуелсіз Қазақстан – байтақ еліміздің астанасы. Астана – Еуразияның нағыз географиялық кіндігінде орналасқан. Қаланың астана ретінде тұсауы кесілген күн – 1998 жылы 10 маусым. Қаланың негізі 1932 жылы қаланған. Ол Ақмола деп аталған. 1968 жылы Целиноград болып өзгертілді. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды.

      Астана – Қазақстанның жаңа қаласы. Оның шекарасы 710 шаршы шақырым. Тоғыз жолдың торабында, Республика территориясының төрінен орын тепкен. Астана күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп келеді. Шетелдік қонақтар оны дүниенің сегізінші кереметіне теңеп «інжу маржан» деп бағалауда.

    Шара барысында оқырмандарға «Астана – әлем таныған қала» атты видео көрсетіліп, виртуалды –саяхат жасалынды.

 

 


 

 

 

05 июль 2016 г. 18:50
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: