«Оқы, талқыла, ұсын...»- кітап марафоны

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі жыл кітабы – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын насихатауға арналған «Оқы, талқыла, ұсын...» атты кітап марафонын наурыз айынан бастады. Марафонның қорытындысы қыркүйек айының соңында шығады. Кітап марафоны №10 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдің, №136 Т.Жүргенов атындағы орта мектептің 7-9 сынып оқушыларымен, №187 М.Шоқай атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.

  Мақсаты:Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығымен, «Көшпенділер» трилогиясындағы жарқын тарихи тұлғалармен таныстыру, қазақ хандығы мен казақ мемлекетінің бес ғасырлық тарихи беттеріне талдау жасау, өз пікірлерін қағаз бетіне түсіріп еркін жеткізе алуға дағдыландыру, тарихи көркем шығармалардағы ұлттық рухты негіздеп ұлттық сананы қалыптастыру, адамгершілікке, еліне, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

   15 мамыр күні №23 Ж.Қизатов атындағы мектепте жалғасын тапты. Шараға 8-9 сынып оқушылары қатысты.

   Шарада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын Ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы ретінде, яғни 2015 жылы бүкіл ел болып оқуға Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер, қазақ совет қаламгерлерінің ішінде алғашқылардың бірі болып тарихи романдар жазып, әлемге танымал болған жазушы, драматург, ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалғаны, бұл таңдау классик жазушы, ғажайып сөз зергері Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО аясында дүниежүзілік дәрежеде аталып өтуімен және жоғарыда аталған тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келіп отырғаны айтылды. Кітапханашы Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, «Көшпенділер» трилогиясындағы жарқын тарихи тұлғаларға, қазақ хандығы мен казақ мемлекетінің бес ғасырлық тарихи беттеріне талдау жасады. «Ілияс Есенберлиннің туғанына – 100 жыл» атты бейнефильм көрсетілді. Шара соңында тарих пәнінің мұғалімі Венера Чекушина казақ хандығының қалыптасуы туралы слайд көрсетіп, шолу жасады.

 

 



15 май 2015 г. 18:30
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: