Облыс экономикасы

 

   2012 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму  рейтингісіне сәйкес, Қызылорда облысы 16-орында тұр. Экономика және бюджетті жоспарлау  министрлігінің мәліметіне жүгінсек, биылғы жылдың  алты айлық  қорытындысына сәйкес, Қызылорда облысы  инвестиция, құрылыс, салық түсімдері бойынша алға шықты. Қызылорда облысының жан-жақты жүйелі жұмысы жыл санап жоғарылап, әлеуметтік – экономикалық өсудің нақты бағдарын қалыптастырды. Қызылорда облысының бюджетіне 2011 жылы 117,6 млрд. теңге түсті, оның ішінде салықтар және басқа да міндетті төлемдер – 23,6 млрд. теңгені құрады. Қызылорда қаласындағы Сұлтан Бейбарыс көшесінен – өнеркәсіптік алаң – «Қызылорда – Жалағаш» трассасы магистральды көшесі жобасы ұснынылды. Бүгінде бұл жобаның жобалық – сметалық құжаты әзірленіп, ол мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған. Жаңадан салынған магистральды көше ауыр жүк тасымалдайтын автокөліктердің өнеркәсіп алаңынан қала ішіне кірмей, республикалық автожолға кедергісіз қозғалуына мүмкіндік жасайды. Аталған көше толықтай пайдалануға берілгенде оның бойында шамамен 8,5 млрд. теңгеден асатын 6 инвестициялық жобаны орналастыру да жоспарланды. Осы жобаға байланысты облыс басшысы Сырдария жағалауын игеруге назар аударудың уақыты жеткенін жеткізді. Әсіресе, қонақ үй, ойын – сауық, спорт ғимараттары және коммерциялық нысандар орналастыруға болады.
   Сондай – ақ дария жағалауын көркейтуге мүмкіндік береді. Ал, енді «Арал ауданындағы Қамыстыбас көлінің жағасына демалыс аймағын  салу»бойынша сыртқы инженерлік желілерді жеткізу 10квт электрмен қамту жобасының да өз кезегінде мәні жоғары. Бұл бағытта «Саутс ойл» мұнай компаниясы мен «Торжынбай Төрке» ЖШС демалыс орнын өз мүмкіндігіне беруді сұрап отырғаны да тамаша ұсыныс болды. Үшінші кезекте жеке кәсіпкер Светлана Когайдың «Золотые пески»туристік – демалыс базасын ұйымдастыру жобасы ұсынылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы іске қосылғанда үлкен туристік базаны қажет етеді. 
   Бүгінгі таңда, аймақта «Бизнестің жол картасы -2020», «Өнімділік -2020», «Экспорт -2020», «Жұмыспен қамту -2020» және тағы басқа бағдарламалардың жүзеге асырылуы экономикалық тұрғыдан әлдеқайда өсу көрсеткішімен ерекшеленеді. Сыр елінің орталығы соңғы жылдары серпінді құрылыс алаңына айналды. Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын игеру үшін белгіленген 2220 га аумақтың 378 гектары әлеуметтік және әкімшілік ғимараттар құрылысы  үшін, 553 гектары 5-12 көпқабатты үйлер салуға және 600 гектары орта көпқабатты үйлер, 687 гектар коттедж құрылыс үшін берілетін болады. Яғни, Елбасының «Қолжетімді, баспана» саясатына сәйкестене алады. Бүгінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәліздің автодәліз бойында бизнес нысандарын орналастыруға қолайлы 16 орны анықталған. Өңірдің көліктік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 3 көліктік – логистикалық орталық орналасады. Олардың бірі – Арал ауданында, екеуі – Байқоңыр және Қызылорда қалалары маңынан бой көтереді. «Жезқазған–Бейнеу»және« Арқалық - Шұбаркөл» теміржолдарының салынуымен Сексеуіл ірі тораптық стансаға айналады. Қазіргі мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саланы қолдау мен дамытуға бағытталған кешенді шаралар, қаржы – несиелік қолдау бағдарламалары еңбек етемін деген ниетке мол мүмкіндік екенін білген дұрыс. 
   Аймақтағы балалардың 80 пайызы балабақшаға барады. Қызылорда облысында «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жоспарға сәйкес 2020 жылға дейін емес, қайта 2015 жылдың аяғына дейін шешу міндеті қойылып отыр. Бұл іске жергілікті кәсіпкерлер де атсалысуда.
    Облыс көлемінде өршіп тұрған ауруларды емдеу, алдын алу үшін облыс әкімшілігі  арнайы жол картасын қабылдады. Мысалы, ана мен бала өліміне  қатысты жағдайды сараптағанда, сәби өлімі дүниеге келген алты күннің ішінде көбірек екені анықталды. Жаңа түған балаға қажетті дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтар жетіспейтіні анықталған. Жол картасында осы мәселелерді көрсетіп, арнайы қаржы бөліп, жағдай жасалды. «Осылайша, басқа да аурулардың көрсеткіштері бойынша облыста жағымды өзгерістер бар», - дейді облыс әкімі. Әлбетте, бұл бағытта жасалар іс әлі де көп. 

Байқоңыр – Қазақстанның болашақ бренді

   Президенттің тапсырмасына орай, ЭКСПО-2017 көрмесінің қатысушылары Байқоңыр кешенін аралап көрмек. Осылайша, Байқоңыр облыстың туризм орталығына айналмақ. Қ.Көшербаев тіпті «болашақта Байқоңыр Қазақстанның брендіне айналуы мүмкін» деп мәлімдеме жасады. Одан бөлек, «Байқоңыр Қазақстан экономикасы үшін инвесторларды тартатын магнитке айналуы керек» деген де пікір айтты. Ол үшін қажетті жағдайдың бәрі – бос құрылыс кеңістігі, дамыған инфрақұрылымы бар, энергетикалық қуаты да мол. Соңғы жылдары бұл қалада әскери жобалар азайды. Бұл орайда, қызылордалықтар ресейлік жоғары технологиялармен айналысатын компанияларымен қоян-қолтық жұмыс істеуге әзірліктерін білдірді. 
   Брифингте қойылған сұрақтардың бірқатары «Протон-М»зымыраныынң құлауы, оның экологиялық зардабы, Ресейден өтемақы алу мәселелеріне арналды. Әкім бұл мәселелердің  мемлекетаралық келісім бойынша шешіліп жатқанын айтып өтті. Оның айтуынша, Байқоңыр қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекендердің әлеуметтік- экономикалық және экологиялық жағдайын  жақсарту арнайы жол картасын қабылдау керек. Бұл мәселенің Үкімет назарында екені айтылды.
«Жаһан жобасы»
   Қызылорда облысын айтқанда, әуелі экологиялық мәселелердің ойға оралатыны белгілі. Бір кезде экологиялық апат аймағы деген атау облыстың оң имиджіне айтарлықтай нұқсан келтірген болатын. Арал теңізін құтқарып қалу мақсатында халықаралық деңгейде көптеген келіссөздер жүргізілді, арнайы қор да құрылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу жобасы бүгінде «жаһан жобасы» деп аталды. 
   Жобаның бірінші кезеңінде теңіз жағалауы Арал қаласына 74 шақырымнан 17 шақырымға дейін жақындады. Ауланатын балықтың түрі 22-ге дейін жетті. Теңіздің тұздану деңгейі 34-тен 8 грамм/литрге дейін түсіп, тіршілік тынысы ашылды. 
Ендігі кезекте жобаның екінші кезеңі жүзеге асырылуы тиіс. Бұл кезеңде теңіздің солтүстік бөлігіндегі су деңгейін көтеріп, айдың кемері бір кездері портты қала болған Аралға да жетеді деп жоспарланған. Сонымен қатар, Сырдария бойындағы көлдер жүйесі қалыпқа келеді. 
   Бір кезде Балқашқа, Қапшағайға көшіп кеткен балықшылар ата-қонысына оралып жатыр. Көп ұзамай өңірдегі балық шаруашылығы қайта жанданып, балық аулаудың көлемі жылына 30 мың тоннаға дейін жетуі мүмкін.
 
Әдебиеттер: 

Сыр елі: Қызылорда облсы энциклопедия / Бас. Редактор Б.Аяған.-Алматы, 2005-544б.

2.Сыр елінің ескерткіштері/ Құрастырған Т.Дайрабай, М.Ахметов.-Алматы, 2014-260б.

3.Сыр өңірінің тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін/Құрастырған: Қ.Маханбетов, А.Айдосов, Ы.Қалиев, Ә. Нұртілесов.-Алматы, 1998-288б.

4.Сырдария/Б.Кәрібозұлы, А.Әбілов, Н.Мыңжасов, С.Тайман т.б. –Астана: Фолиант, 2011-288б.. Суретті.

5.Қызылорда облысы –Кызылординская область/Жауапты Қ.Маханбетов/Ред. К.Сағымбаев. Алматы, 1995-48б.

6.Қызылорда облысының аномастикалық атауларының көрсеткіш-анықтамалығы/Әзірлегендер: Рысберген Қ.Сағымбай А.-Астана, 2008-160б.

7.Қызылорда облысының әкімшілік –аумақтық бөліну анықтамалығы:1938-2007 жж./Құрастырған. Н.Әбілдаев.-Қызылорда облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы. Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағаты.-Астана: Елорда, 2008.-248б.

8.Мадиярова Г. Туы биік, тұғыры берік Сыр елім/Мадиярова Г., Әбілдаева Н.-Қызылорда: Тұмар, 2011.-220б. Суретті.



 

27 апрель 2015 г. 14:30
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: