«Кітап – рухани байлық бастауы» атты кітап көрмесімен, «Қиялдар әлемі» көрме-хобби ұйымдастырылды.

     2-Сәуір Халықаралық балаларға арналған кітабы күні 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андресеннің туылған күніне орай атап өтіледі.

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Халықаралық маңызға ие Балалар кітабы күнін атап өту дәстүрге айналған.

     Балалар кітабы күні – бұл кітапты сүйетін барлық оқырмандар және де кітапханашылар үшін маңызға ие күн болып саналады.

     2016 жылдың 31-наурызында Халықаралық балалар кітабы күні қарсаңында балалар әдебиеті бөлімі ашық есік күнін өткізді. Кітапхананың аванзалында «Кітап – рухани байлық бастауы» атты кітап көрмесімен, «Қиялдар әлемі», «Мир фантазий» көрме-хобби ұйымдастырылды.

     Аталмыш шараға №23 Ж.Қизатов атындағы орта мкетеп, №264 мектеп-лицей, №187 М.Шоқай атындағы орта мектеп, №12 І.Қабылов атындағы орта мектеп ұстаздары мен оқушылары, ата-аналар және де Талсуат елді-мекеніндегі психоневрологиялық диспансердің балалары, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қызметкерлері кітапханаға қонаққа келді.

Іс-шара барысында №264 және №217 мектеп қатысушылары әдеби-музыкалық бағдарлама ұйымдастырды, ал №23 мектеп-лицей, №12,№187, №217, №233 мектептердің оқушылары «Қиялдар әлемі», «Мир фантазий» көрмесіне өз жұмыстарын ұсынды. Кішкене оқырмандарға арналған «Балдырған» залында мультфильм көрсетілді. Іс-шара соңында балалар көрген-білгендері жайында өзара пікір алмасты.


 

 

 

 

 


31 наурыз 2016 ж. 17:44
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: