Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековтың оқырмандармен кездесу кеші өтті.

   Кітапханада 1-сәуір күні белгілі жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековтың оқырмандармен кездесу кеші өтті.

   Дулат Исабековтың шығармалары венгр, поляк, неміс, чех тілдеріне аударылып, Израиль, Ресей, Чехия, Франция, Германия елдеріндегі театрлардың тұрақты репертуарына енді. 2010 жылы «Тәуелсіздік толғауы» байқауында жазушының «Жаужүрек» драмасы бас жүлдеге ие болды.«Өкпек жолаушы» повесі ағылшын көрерменіне жол тартып, «Жүз жылдық махаббат» пьесасы еліміздің театрларында сахналанды.

   Кездесу кеш барысында жазушы алғашқы шығармашылық қадамы жайында әсерлі әңгімеледі. Жазушының оқырманмен кездесуінің берері де көп, алары да жетерлік - деп ағынан жарылды. Оқырмандар көңілдеріндегі сұрақтарын алға тартып, жазушы жауабына риза болды. Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Исабеков әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Кешке жергілікті ақын-жазушылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, кітапханашылар, оқырмандар, БАҚ өкілдері қатысты.

 

 

 

 

 

 

 


 


01 сәуір 2016 ж. 14:35
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: