«Оқығанды, балалар, ықыласпен тоқылық!» байқауының қорытынды жиынын өткізді.

      2 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жыл он екі ай» журналының редакциясымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бірлесе отырып, Халықаралық балалардың кітабы күніне орай «Оқығанды, балалар, ықыласпен тоқылық!» атты республикалық балалар шығармашылығы байқауының қорытынды жиынын өткізді. Байқаудың қорытынды жиынына республикамыздың барлық аймақтарынан балалар қонаққа келді.

       Халықаралық балалар кітабы күні мерекесімен байқауға қатысушылармен кітапхананың оқырмандарын «Жыл он екі ай» журналының бас редакторы Т.Айтбайұлы, балалар ақындары Б.Үсенбай, Р.Наурызбаева және Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Б.Мырзахметова құттықтау сөз сөйледі. Олар балаларға кітап жайында қызықты мағлұмат берді.

       Балалар әдебиеті бөлімі байқаудың жеңімпаздарына арнап әннен шашу шашты, балаларға арналған викториналық ойын ұйымдастырды, ал кітапхананың «Жауқазын – ғұмыр» шығармашылық клубына мүше «Өркениет» колледжі студенттері ертегіні сахналады.

     Кітапхананың аванзалында «Кітап – рухани байлық бастауы» атты кітап көрмесімен, «Қиялдар әлемі», «Мир фантазий» көрме-хобби ұйым-, дастырылды.

    Осы көрмені ұйымдастыруға №23 Ж.Қизатов атындағы орта мкетеп, №12 І.Қабылов, №217 Б.Шалғынбаев, №233 Ж.Нұрсеитов атындағы орта мектептердің оқушылары жасаған қол өнер бұйымдары қойылды. «Жыл он екі ай» журналының редакциясы «Бәйшешектер бүр жарды» атты балалар шығармашылығына арналған кітаптың тұсауын кесті. Бұл кітапқа байқауға қатысушылардың шығармалары еніп отыр. Соңында байқауға қатысушы-ларды марапаттау рәсімі өткізілді. Аталмыш шара соңында байқау қатысушылары кітапханаға саяхат жасады.


 

 

 

 

 

 

 


 



02 сәуір 2016 ж. 13:19
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: