«Саламатты Қазақстан: салауатты өмір ұстан» атты лекция сабақ ұйымдастырды.

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ауылшаруашылық және техникалық әдебиеттер бөлімі «Саламатты Қазақстан: салауатты өмір ұстан» атты облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталық мамандарымен  бірлесіп  лекция  сабақ  ұйымдастырды.

   Елбасы «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал –ахаулы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен.

     Мақсаты: жастарды салауатты өмір сүре білуге, адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі дерттерден сақ болуға, одан қорғана білуге, адам ағзасына темекінің, алкогольдің, зиянды екендігін түсіндіре отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

    Лекция сабаққа Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары және М.Ықсанов атындағы политехникалық колледж студенттері қатысты.

    Іс - шара барысында заңсыз есірткі сату және қолданудың алдын алу, олардың зияны мен зардаптары жайында айтылып, бейнефильм көрсетілді.

   Қатысушылармен «Болашаққа есірткісіз» тақырыбында пікір-сайыс, ойын-тренинг ұйымдастырылды. «Салауатты тамақтану-ұлт саулығының негізі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

 

 

 

 

 

 


 

14 сәуір 2016 ж. 16:20
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: