Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикмет» кітабы бойынша оқырмандар конференциясын ұйымдастырды.

     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, ЮНЕСКО шешімімен 2016 жыл атақты сопы, философ, ғұлама ғалым, ақын «Қожа Ахмет Иассауи жылы» деп жариялануына орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикмет»кітабы бойынша оқырмандар конференциясын ұйымдастырды.

   Оқырмандар конференциясына Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты Айтбаева Айман Ералықызы, «Болашақ» университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Тайманова Сара Сыздыққызы, филология ғылымдарының кандидаты Медетбаев Тасболатжәне «Ақмешіт –Сырдария» мешітінің өкілі Әбжанов Нұрлан қатысты.

   Қатысушылар Қожа Ахмет Иассауи – тіліміз бен дініміздің және түркі мұсылмандығының қалыптасуында үлкен із қалдырғанына, шығармашылығына, сопылық ілімі туралы және «Диуани хикмет» кітабының басты мақсаты: адамдар арасындағы әр алуан қарым-қатынас, адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық тәрізді күрделі мәселелерді сипаттап ашып көрсетуге арналғанын жастарға кеңінен таныстырды.

    Кітапты «Болашақ» университетінің студенттері жан-жақты талдады және Қожа Ахмет Иассауиге арналған арнау өлеңдерін оқыды.

     «Өнегеңмен ұлысың ұлы баба» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.


 

 

 

 


20 сәуір 2016 ж. 10:46
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: