Жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидальды мінез құлық және оның алдын алу

     2016 жылдың 26 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Жастар денсаулық орталық мамандарымен бірлесіп «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидальды мінез құлық  және оның алдын алу» атты денсаулық сағаты  өтті.
   Мақсаты: Жастарды бүгінгі қоғамымызды жаулаған зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, өз – өздеріне қол жұмсаудың алдын алуға тәрбиелеу. Сапалы білім, саналы тәрбие алып, болашақ өмірдің баспалдығын аттауға дайындау. 
   Денсаулық сағатына Жастар денсаулық орталық маманы  педагог – психолог  Фариза Искакова және М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық  колледж студенттері қатысты.                                                                
 Психолог маманның айтуынша  жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының жиiлеуiне көбінесе қаржы проблемасы, психикалық аурулар қоршаған адамдармен түсініспеушілік отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, әртүрлі компьютерлік ойындар, атыс-шабыс, қантөгіске толы фильмдердің тікелей әсері бар дейді. Суицидтің жоғары пайызы көбіне, осал топ болып табылатын жастар арасында кездесетіндіктен, психолог дәрігердің қатысуымен өткізілетін мұндай іс-шаралар қажеттілік болып саналады. Денсаулық сағатына  қатысушылар суицид себептері мен статистикасы туралы ақпарат алып, сондай-ақ стрестік жағдайларға қарсы тұру әдістерін, оларды шешу жолдарын үйренді.

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы  суицидальды мінез құлық  және оның алдын алу

 

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы  суицидальды мінез құлық  және оның алдын алу

 


26 сәуір 2016 ж. 16:44
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: