KITAPKHANA.KZ
kz ru

Чернобыль жаңғырығы /Чернобыль апатына - 30жыл /

      Ә.Тәжібаев атындағы обылыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің ұйымдастыруымен 27 сәуір күні Чернобыль апатына 30 жыл толуына орай «Чернобыль жаңғырығы» атты ерлік сағаты өтті.

     1986 жылдың 26 сәуірінде Украинада Чернобыль атом электр станциясының төртінші электроблогында жарылыс болды. АЭС-тен радиусы 30 км жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. Радиоактивті түтін Еуропаның 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион адам зардап шекті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Көзге көрінбейтін бұл тажалды ауыздықтау үшін бүкіл Кеңес Одағына қараған республикалардың азаматтары қатысты. Өмір мен өлім арасында жүріп, көзге көрінбейтін қауіпті жау-атом реакциясын тұмшалау үшін мылтықсыз майданды бастан кешіргені шындық. Өздерін құрбан ете отырып Чернобыль апатының зардабын жоюға 800 мың адам, соның ішінде 32 мың қазақстандықтар қатысты, оның 800-ден астамы Қызылорда облысынан, қазіргі таңда 300 ардагер қалды.

      Ерлік сағаттың басты мақсаты: Чернобыль апаты жайлы оқушыларға мағұлматтар беру, патриоттық сезімі жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, қасіреттің салдарынан қаза болған боздақтар рухына тағзым ету, олардың есімдерін құрметтеу, жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

      Аталмыш іс-шараға А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектептің «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері, Чернобыль апатын жоюға атсалысқан, батырлық пен жанқиярлықтың үлгісін танытқан сырбойылық азаматтарымыз Қызылорда қалалық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шахатов Жұмағұл және Аукенов Алиасқар қатысты. Оқушылар патриоттық тәрбиеге негізделген өлеңдер, өз шығармашылығынан тақпақтарды жатқа айтып, ән шырқап, іс-шараның маңызын арттырды. Қайсар, ардагер ағаға өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, оның мазмұнды өмірінен көптеген мағұлматтар алды. Отан алдындағы атқарған ерліктері балаларға үлкен сабақ болды. Олар Чернобыль апаты туралы, оның зиянды зардабы, залалы туралы түсінік алды. Іс-шара соңында оқырмандар «Чернобыль: кеше, бүгін» атты кітап көрмесін тамашалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


27 сәуір 2016 ж. 15:21
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x