«Чернобыль – ХХ ғасырдың қасіреті » атты кітап көрмесі

   1986 жылдың 26 сәуір күні бұрынғы Советтік еліміз үшін қаралы күн болып есімізде қалды. Ол Чернобыль электр стансасындағы жарылыс. Мыңдаған адамның өмірін қиған бұл күтпеген оқиға қаншама отбасына ауыр қасірет әкелді. Орны толмас қасірет әкелген Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апатқа 30 жыл толуына орай, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2016 жылдың 26-сәуірінде«Чернобыль – ХХ ғасырдың қасіреті» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Көрменің мақсаты – адамзат алдында әскери және отаншылдық борышын ар-намыспен атқарған қазақстандық жауынгер-залалсыздандырушылардың. жанкешті ерлік еңбегін көрсету,Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау.

    «Чернобыль жаңғырығы», «Атом жарылысының зардабы» «Қасіретке айналған алапат жарылыс», бөлімдерінен тұратын кітап көрмесіне апатты залалсыздандыруға 32 мың қазақстандық жауынгер-залалсыздандырушылар тартылғаны, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан мыңдаған біздің отандастарымыздың ерлігі мен жігері, олар өмірлерін, денсаулықтарын пида етіп, өз борыштарын орындап, адамдарды радиацияның зиянды әсерінен қорғағаны, радиацияның әрі қарай таралуына тосқауыл болғаны жөнінде кітаптар мен баспасөз бетіне жарияланған мақалалар қойылды.

 


25 сәуір 2016 ж. 12:52
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: