KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Олжас-дух и символ времени»

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылы 18 мамыр күні Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Олжас Сүлейменовтың 80 жылдығына арналған әдеби кеш ұйымдастырылды.

      Олжас Омарұлы Сүлейменов – 1936 жылдың 18 мамырында Алматы қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің Геология факультетін тәмамдаған. Олжас Сүлейменовтың кітаптары ағылшын, француз, неміс, испан, чех, поляк, болгар, венгер, моңғол және түрік тілдеріне аударылған.

    Әдеби кеш қонағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы Т.Сәтбай көрнекті қаламгер, қоғам қайраткері жәйлі құнды ойларымен бөлісе келе, ұлылардың кіндік қаны тамған қасиетті Баянауыл жерінде аталары өсіп-өнген Олжастай тарланбоздың топырағына тартып туғанын тілге тиек етіп, оның бүкіл болмыс-бітімімен туған халқымыздың тұлпар мініп, ту ұстар ұлына, маңдайына басар марғасқасына айналғанын атап көрсетті. Қызылорда облысының «Невада –Семей» қоғамдық қозғалысы ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Өтегенов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ж.Майгелдиева және Қызылорда облысының « Ағарту ісінің еңбегі сіңген қайраткер» М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің оқытушысы Б. Шегебаева ортаға шығып Олжас Сүлейменовтың өлеңдерінің арғымақтай асау, алғашқы алапат жарылыстан жаралған ғарыш перзентінің қазақ жеріндегі соңғы жарылысты тоқтатуға дем беруші екендігін атап көрсетті.

       Шара барысында жас талапкерлер сахнаға шығып Олжас Сүлейменовтың өлеңдерін оқыды.

     Таным көкжиегін кеңейткен ХХ ғасырдың туы болған, ғасыр ақынына арналып «Әлем таныған Олжас» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның таңдамалы шығармалар жинағы, «Атамекен» өлеңдер мен поэмасы, «Әр күн-арайлы таң», «Аз и Я», «Арғымақтар», 7 томдық шығармалар жинағы, «Сүмбіле жұлдызы», «Атамзаманғы түркілер», таңдамалы туындылары мен мерзімді баспасөз бетінде жарияланған мақалалары қойылды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


18 мамыр 2016 ж. 17:41
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x