«Мәдениет мәңгілік-өнер өміршең»Нұрсұлтан Әбішұлы өзекжарды ойларында «Мәдениет –ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші - зиялы қауым», - деген болатын. Себебі, әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр.Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі биік, рухы да жоғары болады. Сонымен қатар мәдениет - адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениеттіліктің өзекті бөлігі - Өнер. Шынында да өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі- оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. 21-мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында Ә.Тәжібаев облыстық кітапхана фойесінде «Мәдениет мәңгілік - өнер өміршең» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Өнерлі елдің өрісі кең», «Мәңгі өшпес өнер иелері», «Сыр елінің мәдениеті мен өнері», «Жыр жақұт- сырдың арнасы» атты тақырыптардан құралған көрмеге Қазақстанның өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып, осы саланың шоқтығын көтеріп келе жатқан мамандық иелері туралы кітаптар мен фотосуреттер, дәйексөздер, мерзімді басылымдардан мақалалар қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды.
|