«Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған кітап көрмесі

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының аванзалында 31 мамыр - Саяси қу­ғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» атты кітап көрмесі ашылды. Көрменің мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Сондықтан 1927-1953жж. ақтаңдақтар ақиқатын түсіндіруге ұмтылу. Қазақстанда 1997 жыл­дан бері жыл сайын 31 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбан­да­рын еске алу күні аталып келеді. Биыл жаппай саяси қуғын-сүргін жылдарының басталғанына – 79 жыл, Ұлы жұт (ашаршылық) зұлматына - 84 жыл толып отыр. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбан­да­рын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз. Бұрынғы ГУЛАГ, КАРЛАГ, АЛЖИР лагерьлерінің орындарында мемориалдық кешендер жұмыс істеуде, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайлары облыстарда ашылуда. Осының бәрі бізге, өткеннің ауыр сабақтарын сараптай отырып, адамзаттың бүгінгі және болашақтағы тарихында осындай зұлматты болдырмауды міндеттейді. Көрмеге кітапхананың қорындағы жаппай жазалаудың сол бір қиын-қыстау жылдарындағы зерттеулерде тағдырлары тәлкекке түскен саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы «Азалы кітап» (атылғандар тізімі), «Нәубет», «Қасіретті тағдыр беттері», «Дело №...Летопись горького времени», «Қызылдар қырғыны», «Түнекте тұншыққандар», А.Тасымбековтың «Жан дауысы», Т.Омарбековтың «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті»,«Зобалаң», М.Қозыбаевтың «Ақтаңдақтар ақиқаты»,Н.Дулатбековтың «Алаш ардақтылары: Санкт-Петербург іздері», Т.Шонанұлының «Жер тағдыры- ел тағдыры», Х.Болғанбайдың «Иман күші», В.Михайловтың «Ғаламат жұт шежіресі» т.б. әдебиеттермен қатар баспасөз беттерінен «Біз не көрмедік?», «Жазықсыз жағылған жала», «Тоталитарлық жүйе зардабы» т.б. материалдар ұсынылған.

      Кітап көрмесін көруге шақырамыз!


 

 


 

24 мамыр 2016 ж. 18:20
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: