Кітаптар патшалығындағы мереке

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар  әдебиеті  бөлімі оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапты және кітап оқуды насихаттау мақсатында  30 мамыр  күні  «Yes»  қосымша  білім беру орталығының бітіруші бүлдіршіндеріне арналған «Кітаптар патшалығындағы  мереке»  атты  оқырманға  қабылдау  мерекелік  шарасын  өткізді. 

Орталық ұстаздары және кітапхана қызметкерлерімен бірге  театрландырылған білім еліне саяхат ұйымдастырды. Сиқырлы саяхатты «Yes» қосымша білім беру орталығының мұғалімі Е.Ю.Батталова, Кітап ханшайымы,  капитан  Врунгель, Бармалей жүргізді. Жас таланттар кітап, оқу, кітапхана  туралы тақпақтарды  жатқа оқып, ең  алғаш  оқыған  кітаптары «Әліппелерін» жырға қосып, ән айтып, би билеп көрермендерді таң қалдырды. Орталық бүлдіршіндері мен көрермендер әдеби сұрақ-жауап ойындарына белсене атсалысты. «Yes» қосымша білім беру орталығының директоры Найзабаева Жанар Мәдібекқызы бітірушілерді  құттықтап сертификаттар тапсырды, ал Кітап ханшайымы бүлдіршіндерге оқырман билеттерін табыстады.

Мерекелік шараның қонақтары «Yes» қосымша білім беру орталығының  бүлдіршіндері, «Рауан» интеллектуалды шығармашылық клубының белсенді мүшелері, отбасылық байқауларға қатысқан белсенді жанұялар, ұстаздар, ата-аналар болды. Мерекелік шара соңында балалар, ұстаздар, ата-аналар «Білім еліне еліне саяхат» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттермен таныстырылды.

Кітаптар  патшалығындағы  мереке

 

Кітаптар  патшалығындағы  мереке

 

Кітаптар  патшалығындағы  мереке

 

Кітаптар  патшалығындағы  мереке

 

Кітаптар  патшалығындағы  мереке

 

Кітаптар  патшалығындағы  мереке

 

Кітаптар  патшалығындағы  мереке

 


 

30 мамыр 2016 ж. 18:04
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: