«Ел рәміздері – ел рухы» /Лекция - концерт/

2016 жылдың 4 маусым күні сағ. 11-00-де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы секторы және облыстық филармония қызметкерлері бірлесе отырып «Ел рәміздері – ел рухы» атты лекция - концерт  ұйымдастырды.

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты қазақстандық патриотизмді насихаттау, азаматтарда елдің әлеуметтік – экономикалық жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, өскелең ұрпақты тәуелсіздік белгілеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.

Астана қаласы бойынша 4 маусым күні сағ. 12-00-де бір уақытта және барлық жерде Әнұран орындалуы ұйымдастырылды. Лекция – концерт қатысушылары - Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері және Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжінің оқытушылары мен студенттері  Әнұран орындады.

Шарада «Жауқазын - ғұмыр» клубының мүшелері өлең оқып және облыстық филармония әншілері өз  концерттік бағдарламасын көрермендеге ұсынды.

        Лекция - концерт соңында «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің белгісі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды және келген қонақтарға кітапханаға экскурсия өткізіп, жаңадан кітапханаға 46 оқырман тіркелді.


 

 

 

 

 

 

 


 

 

04 маусым 2016 ж. 15:24
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: