«Білімді мыңды жығар» - ойын-сайыс

   Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі 15 маусым күні «Білімді мыңды жығар» атты ойын-сайыс өткізді.

  Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, білім деңгейін нығайтып, біліктілігі мен білімділігін дамыту, логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру, оларды шығармашылық ізденіске баули отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

   Ойын-сайыс«Сәлем сөздің анасы», « Мақал-сөздің мәйегі», «Кім көп біледі», «Ойлан тап», «Әудем жер», «Кім тапқыр?» кезеңдерінен тұрды. Іс-шараға №197, №271, 278 орта мектептердің «Күншуақ», «Ақ желкен», «Балдәурен» жазғы тынығу лагеріндегі балалар белсене қатысты. Сайыс көңілді және тартымды өтті. Шара соңында балалар кітапхана бөлімдеріне саяхат жасап, «Кітаптар патшалығына саяхат» және «Жазғы демалыс- жақсы кітап» атты кітап көрмелеріндегі әдебиеттермен таныстырылды.


 

 

 

 

 

 

15 маусым 2016 ж. 15:49
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: