«Винни-Пуһ әрі бәрі, бәрі,бәрі»-ойын-мереке

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі жазғы демалыс күндерінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану және оларға әдебиеттерді насихаттау мақсатында түрлі шаралар өткізуде. Негізгі мақсаты: оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапхананы насихаттау.

    17 маусым күні ағылшын жазушысы, ертегіші Алан Милнның «Винни-Пуһ әрі бәрі, бәрі,бәрі» кітабы бойынша ойын-мереке өткізілді. Ойын-мерекеге №198 орта мектептің «Планета детства» жазғы лагеріндегі балалар қатысты.

     Алан Милн ХХ ғасырдың әйгілі туындыларына жататын, қиял-ғажайып оқиғаларға толы «Винни-Пуһ әрі бәрі, бәрі, бәрі» атты ертегі-хикаяның авторы. Аю қонжығы Винни Пуһ пен Кристофер Робин және олардың достары әлем елдерінің балаларының сүйікті кейіпкерлеріне айналғанына биыл 90 жыл толады. Кітап алғаш рет 1926 жылы қараша айында Англияда жарық көрген. Кітаптың әр 18 тарауында аюдың қонжығының басынан кешкен әр түрлі оқиғалары суреттеледі. «Винний пуһ» кітабын орыс тіліне Борис Заходер, ал қазақ тіліне белгілі балалар ақыны Ермек Өтетілеуов аударған.

   Голливуд даңқ саябағында №2308 жұлдыз бар. Бұл ескерткіш таңба «Уолт Дисней» компаниясы жасаған әйгілі мультфильмдердің кейіпкері Винни пуһқа қойылған. Ал Лондон хайуанаттар бағында Винни-Пуһ әрі бәрі, бәрі, бәрі» ертегісінің кейіпкері қонжық Винни-Пуһқа ескерткіш қойылған.

    «Қиялдар елі»,«Ең епті», «Ең тартымды», «ИА-ның туған күні», «Сыйлықты таңда», «ИА-ға үйшік», «Сөзді жалғастыр», «Сөзжұмбақ» т.б. айналымдардан тұратын ойын-мерекеде түрлі ойындар, қойылымдар, викториналар, сурет сайысы, көремендермен ойындар ойнатылды. Шара флеш-моб және мультфильм көрумен аяқталды. Мереке өте қызықты, әрі тартысты өтті.

 

 

 

 

 


17 маусым 2016 ж. 18:36
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: