Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайдыАдамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына биыл 75 жыл. Соғысқа аттанып, елін қорғаған халқымыздың батыр ұлдары мен қыздарын есте сақтауға, ерліктерін үлгі тұтуға бәріміз де міндеттіміз. Фашизмге қарсы шайқастар мен онда ерлік көрсеткен батырлар жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіруі мақсатында оқу залы секторы «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: жастардың бойында Отанға, халыққа деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, ұмытылып бара жатқан ерліктің мәнін ұғындыру. Кітап көрмесіне соғыс туралы дәйек сөздер, 58 кітап және 12 журнал қойылды.
|