Еліміздің бақ ордасы – Астана

    2006 жылдан бастап шілденің 6-сы елорда күні ретінде атап өтілуде. Бүгінгі Астана қаласы – тәуелсіз Қазақстанның Елордасы, Отанымыздың жүрегі. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды. Астана – бұл болашаққа бет бұрған жарқын қала. Әр елдің астанасы – сол елдің төл құжаты.

    Астана күнін атап өтуге арналған іс-шаралар аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Еліміздің бақ ордасы – Астана» атты суретті кітап көрмесін ұйымдастырды.

    Кітап көрменің басты мақсаты: оқырмандардың Елорда - Астана жайлы білімдерін шыңдап, оның қалыптасу тарихымен таныстыру, ой-өрістерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, Елбасымызға деген құрмет сезімдерін тереңдету. Болашақ ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

   Кітап көрменің ашылу салтанатында жиналған қауымды кітапхана директоры Нұржамал Ахметқалиқызы Мырзамұратова және Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы құттықтап, Астананың бүгінгі бағындырған биіктері мен жетістіктері жайлы айтып өтті.

   Кітап көрмесі: «Елбасы мен Елорда», «Мерейі асқақ Қазақстан», «Мәңгілік Елдің арқауы – Елорда», «Астана – кемел істердің алтын тұғыры», «Шабытыма қанат берген Астана» атты бөлімдерден дайындалды.

   Оқырмандар назарына «Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар», «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты кітаптар, Елбасы Н.Назарбаевтың Астана қаласына қатысты күрделі шешімдері, сәулет саласындағы ізденістері, қаланың болашағы туралы ойлары, өлкенің аңыздары мен жер-су атаулары, тұрмыстың түйткілдері, тарихи салыстырмалары, Астананың бедері мен әсемдігі, бір сөзбен айтқанда жаңа елордаға арналған ойлары мен істері жазылған «Еуразия жүрегінде» атты кітабынан бастау алып, ақын-жазушылар Н.Иманқызының «Астана-Ақорда», «Ерке Есіл», А.Смайылдың «Астана ғасырлары», С.Бексейіттің «Астана уақыты», «Астана - Қазақстанның жүрегі», «Астаналардағы көшелер, «Қазақстанның жеті кереметі», «ХХІ ғасырдың Астанасы», «Астана.ХХІ ғасыр», «Астана» атты суретті кітаптар, Астана туралы фото-суреттер ұсынылды. Кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Шара барысында «Астана: кеше, бүгін, ертең» атты бейне-ролик көрсетілді. Астана жайлы өлеңдер оқылды. Кітапхананың кішкентай оқырмандары «Туған күніңмен, Астана» тақырыбына суреттер салып, өз шығармашылықтарын шыңдады.

   Кітап көрмесінің ашылу салтанатына қаламыздағы зиялы қауым, БАҚ өкілдері, мекеме қызметкерлері, жастар, оқушылар және кітапхананың белсенді оқырмандары қатысты.


 

 

 

 


05 шілде 2016 ж. 15:10
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: