«Тіл-ұлттың жаны»Төрткүл әлемге танылған қазақ тілі, даланың данасы, ұлттың ұлылары талғап, тамсанып, нәрін танып кеткен тіл – ана тілін насихаттай отырып, көп ұлтты тәуелсіз еліміздің асыл қазынасы, мемлекетіміздің төл мерекесі – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған «Тіл – ұлттың жаны» атты мәдени шара Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұйымдастырылды. Мәдени шара қазақ, орыс және ағылшын тілінде Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің және М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің шет тілі бөлімінің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен жүзеге асты. Мәдени шараның мақсаты: Оқырмандардың бойына ана тіліміздің қадір-қасиетін дарытуға тәрбиелеу;Тілдің негізгі қызметтері жайында ой-тоғаныстарын және оқырмандардың зияткерлік қасиеттерін дамыту. Тіл - тарихи қалыптасқан, бір географиялық аймақта мекендейтін ұлттың ойды жарыққа шығару және қарым-қатынас жасау құралы. Туған тіліміз домбыраның күмбір үніндей, кең даламыздағы сәйгүліктеріміздің дүбіріндей асқақ. Мемлекеттік тіл – зерделі қазақтың кеудесінен ешуақытта шықпайтын мәңгілік тақырып. Тілдің негізгі үш қызметі:1-қарым-қатынас жасау-коммуникативтік функциясы, 2- ойды жарыққа шығару-экспрессивтік функциясы, 3-мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа берілуі-аккумулятивтік функциясына қатысты пікірлерін кеш қонақтары: Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің профессоры Құдайбергенов Қазыбай мен «Арылу» қоғамдық қорының директоры Юн Владимир Петрович ортаға салды. Мәнерлеп өлең оқылып, интелектуалды тапсырмалар орындалып және ән - күйден шашу шашылды.
|