«Жастар қуаты – Қазақстан болашағы»Елбасы Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі - кітапта» деген болатын. Ал білім мен күшті қайдан аламыз? Әрине, кітаптан. Ал кітапты қайдан іздейміз десек, жауап біреу - кітапханадан! Кітапхана - білімге жол ашатын киелі орын! Біз егеменді еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болсын десек, ең алдымен жастардың білімді болуын қамтамасыз етіп, олардың кітап оқуға құмарлығын арттыруымыз керек. Кітапханаға оқырман тарту, олардың кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, кітапқұмарлыққа тәрбиелеу мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 27 қыркүйек күні қала оқу орындарының 1- ші курс студенттерімен «Жастар қуаты – Қазақстан болашағы» атты оқырман қатарына қабылдау мерекелік шарасын өткізді. Оқу, ол ұзақ ізденістен соң жүзеге асатын процесс. Ең алдымен, оқуға уақыт табу керек. Сонан соң оқып болған кітап қандай пайда бергені жөнінде ойланған дұрыс. Осыдан кейін оқу хоббиге айналуы қажет. Ол үшін айналаңдағы достарыңа себепсіз кітап сыйлап үйрен. Нәтижесінде кітап оқу әдет болып қалыптасады –деді бөлім меңгерушісі Л.Байтенова. Қиялдарын қанаттарына байлап, армандарын арқалап келген жас толқынға сәттілік тілеп, кітапхананың белсенді оқырманы болуға шақырды. І кезең: Таныстыру (Әр оқу орны өз-өздерін таныстырады) ІІ кезең: «Жастар және кітап» деп аталады. Әр оқу орны кітапқа байланысты арнау, қойылым немесе ән орындауға болады. ІІІ кезең: Кітапханаға жарнама ІV кезең: Жаңадан қабылданған оқырман - белсенді оқырман болуға, сабақты жақсы оқуға, тәртіп сақтауға, кітапхананың ережелері мен этикалық талаптарын ұстануға ант етеді. Жыл оқырманы атынан Алдабергенова Аружан салтанатты түрде «оқырман билеті» мен «Білім кілтін» табыс етті. Барлық бірінші курс студенттері оқырман билетін алып, белсенді оқырман болуға, сабақты жақсы оқуға, тәртіп сақтауға, кітапхананың ережелері мен этикалық талаптарын ұстануға ант етті. Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Мерекелік шараға: Көпсалалы «Ұлағат» Қызылорда колледжі, «Өркениет» медициналық колледжі, «Қызылорда экономикалық-гуманитарлық» колледжі, «Абылайхан» колледжі, Ы.Алтынсарин атындағы Қызылорда медициналық колледждері қатысты.
|