KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Адал жол» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында лекция-сабақ ұйымдастырылды.

 

       19-қазан күні мерзімді басылымдар залында «Адал жол» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында лекция-сабақ ұйымдастырылды. Шараға Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Мұрат Бектұрғанұлы келіп, бүгінгі күні өзекті болып отырған тақырып аясында өз ойын ортаға салып, жастарға анкеталық парақшалар таратты. Оқырмандар көптеген сауалдарына Мұрат Бектұрғанұлынан нақты жауаптарын алып, бейнежазбалар тамашалады. Шара барысында жастарға сыбайлас жемқорлықтың өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі екенін және экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектеп, еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендейтіні атап көрсетіліп, халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру маңыздылығы түсіндірілді. «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.


 

 

 

 

 


 


 

19 қазан 2016 ж. 18:17
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x