«Дулаттың асыл мұрасы»3 қараша күні 2016 жылы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиет бөлімі Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының оқушыларымен кітапханада саяхат өткізді. Дулат Бабатайұлы – көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген. Кітап 1880 жылы Қазан қаласында басылып шығарылды. Мақсаты: Жас оқырманға ұлы ақын Дулат Бабатайұлының өмір жолынан мағұлмат беру, артында қалдырған өсиет сөздерін үлгі ету, ізденімпаздыққа баулу. Ұлы ақынның Абайға дейінгі поэзияда көркем ойлау жүйесінің жаңаша үлгісін тудырып, ұлттың әлеуметтік үнін, халқының азаттығын жырлауда замандастарынан даралық танытқан.Оның кестелі көркем жырлары сол кезеңдегі азаттықты аңсаған көзі ашық зиялы қауымның айнымас темір қазығы болды. Саяхат барысында оқушылар Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған бейне – роликті тамашалап,«Ұлт рухын оятқан ақын» атты кітап көрмесімен танысты.
|