KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Кітапханадағы ақпараттық технологиялардың оқу процесіне тигізер әсері» ақпарат күні

   2016 жылдың 9 желтоқсан күні кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің қызметкерлерімен «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында «Кітапханадағы ақпараттық технологиялардың оқу процесіне тигізер әсері» ақпарат күні өткізілді.

Шараның мақсаты – ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

   ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

   Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып студенттердің білімі мен максималды ақпараттандырылуын қамтамсыз ету. Кітапхана жұмысында заманауи ақпараттық технологиялармен, электронды ресурстармен, кітапхана сайтымен таныстыру. Арнайы дайындалған слайд көрсетілді. Ақпараттық парақшалар таратылды.


 


 

 


 

 


 

09 желтоксан 2016 ж. 12:22
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x