KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Тәуелсіздік –Мәңгілік ел мұраты» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кітап көрмесі

     2016 жылдың 12 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәуелсіздік-Мәңгілік ел мұраты» тақырыбында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындылары түрлі пішінде орналастырылып қойылды. Экраннан «Ұлы Дала дүбірі» атты деректі фильм көрсетілді.

    Көрменің мақсаттары мен міндеттері: тарих контекстіндегі қазақ мемлекеттілігінің көпғасырлық қалыптасу тарихын көрсету; Тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуы, бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі «Ұлт жоспары - 100 қадам», 2015 жылдың 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы туралы баяндау. Сонымен қатар, аталмыш іс-шара өскелең ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне ықпал ету мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыру.

   Көрме Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-кітапханалық ресурстарын дәріптеуге, Тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларын насихаттауға бағытталған. Тақырыпқа байланысты ұйымдастырылған кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрады.

    Бірінші бөлім – «Қазақ мемлекеттілігінің дамуы: дәуір, оқиғалар, тұлғалар», онда Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы мен Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан мемлекеттілігінің дамуы жайлы баяндалады.

    Екінші бөлім - «Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы: Оқиғалар жылнамасы». Бұл бөлімде, оқырмандар назарына 1991-2015 жылдар аралығындағы саяси оқиғалар хроникасы ұсынылады.Мемлекетіміздің кешегісі мен бүгінгісінен сыр шертетін, егемен елдің еңсе тіктеуі, даму кезеңдерін баяндайтын туындылар осы бөлімде орналасқан.

    «Ұлы дала елі – Мәңгілік Ел» атты үшінші бөлімінде: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының жүзеге асуына арналған, сонымен қатар Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделі «Қазақстан халқы Ассамблеясының» қызметін баяндайтын әдебиеттер ұсынылды.

   Төртінші бөлім - «Ұлт жоспары –Қазақстандық арманға бастайтын жол» деп аталады. Мақалада айтылған міндеттерді жүзеге асыруда көпшіліктің назарын аударатын, Тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуы, бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі, «Ұлт жоспары - 100 қадам», 2015 жылдың 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Тәуелсіз Қазақстанның тарихымен тығыз байланысты алғашқы Елбасының қызметі туралы баяндайтын әдебиеттер қойылып, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы мәліметтер ұсынылды.

    Көрмеге қосымша «Бабалар сөзі» тақырыбында «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер, «Қазақ хандары» тақырыбымен тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы әдебиеттер, «Халық қазынасы» тақырыбы бойынша, Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мол мағлұмат беретін құнды әдебиеттерден ұйымдастырылған креативтік көрме жасалынды.

  Кітап көрмесіне 700-ден аса кітап, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы мен бағдарламалық құжаты, альбомдар, мерзімді басылымдар, фото-суреттер қойылды.

    Құрметті оқырмандар, қала тұрғындары! Құнды әдебиеттерден ұйымдастырылған көрмемен танысуға шақырамыз.


 

 

 

 


 

12 желтоксан 2016 ж. 16:26
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x