«Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан – жүрегім» Интернет-байқау

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан – жүрегім» атты облыстық жас ақындардың интернет-байқауын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты – поэзия әлемінде қалам тербеп жүрген жас ақындардың шығармашылық әлеуетін және кәсіби шеберлігін дамыту, олардың рухын көтеріп, өнерге деген құлшынысын арттыру болып табылады.

   Интернет байқауға 37 үміткер қатысып, ел Тәуелсіздігіне арналған өлеңдерін жолдады. Қазақстаным, Тәуелсіздігім, Азаттығым деп жырлаған жас ақындардың өлеңдері шалқар шабытқа толы болды.

   Байқаудың қорытындысын шығару үшін байқау комиссиясы құрылды. Комиссия төрайымы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қатира Жәленованың басшылығымен ұсынылған материалдарға талдау жасалынып, байқауға қатысушылардың жұмыстары бағаланып, үздіктер анықталды. Бас жүлдені Ержігіт Бекжан, 1 орынды Бақытбек Сұлтанбейбарыс, 2 орынды Ақтөре Ибрагимұлы, Ержан Мұхиятдинов, 3 орынды Меруерт Маратқызы иеленді. Интернет – байқаудың қорытындысы бойынша анықталған жүлдегерлер мен қатысушыларға электронды нұсқада арнайы дипломдар мен алғыс хаттар берілді.


 


14 желтоксан 2016 ж. 10:52
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: