«Пайдалы кеңестер» Почтамт (мерзімді басылымдарға шолу)2017 жылдың 13 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы әлеуметтік саяси–әдебиеттерді насихаттау бағытында қазақ шаңырағына арналған республикалық «Пайдалы кеңестер» журналына шолу-шоу өткізді. Шараның мақсаты: мерзімді басылымдар залына келіп түсетін әр түрлі басылымдармен таныстыру және маңызды мағлұматтарды оқырмандарға насихаттау. Шараға М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Оқырмандарға «Пайдалы кеңестер» журналымен ішінара терең таныстырылып, оның ішінде сән әлеміне арналған «Сән үлгілері», үйді безендіру тақырыбында «Менің жылы ұям», сұлуларға арналған «Косметика жаңалықтары», ем-дом тақырыбында «Мың бір дауа», құқықтық сауаттылықты арттыруда «Заңгер кеңесі», ас үй тақырыбында «Дәмді ас», үй шаруашылығына арналған «Отбасының қойын дәптері» айдарларына шолу жасалды. Шараға қатысушылар журналдан қызықты мәліметтер алды. Оқырмандар мұндай шаралардың жиі өтіп тұруына сұраныс танытты.
|