KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Кітап менің өмірімде» («Отбасымен бірге оқиық» акция аясында)

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонементтік қамтамасыз ету секторы отбасымен бірге оқуды ұйымдастыру, оқуға басшылық жасау, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Отбасымен бірге оқиық» атты акция аясында 2017 жылдың 31 қаңтар күні «Кітап менің өмірімде» атты тақырыптық кеш өткізді. Кештің алғашқы қонақтары ретінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының доценті А.Айтбаева, ақын, педагогика ғылымының докторы Р.Наурызбаева, Р.Арғынбаева отбасымен, үздік оқырман А.Байтенова отбасы мүшелерімен қатысты.

Шара барысында қонақтар отбасы өміріндегі кітаптың алатын орнына тоқталып, кітап және кітапхана туралы әңгімелеп, отбасылық әдеби шығармашылық жұмыстарын көпшілікке көрсетті.

   Шараға қатысқан оқырмандар «Кітап – ғасыр мұрасы» және «Жаңа әдебиеттер» атты кітап көрмелерімен танысып, өздері оқыған кітаптары жайлы ой бөлісті, оқырмандармен сұрақ-жауап ойындары өткізілді.


 

 

 


 

31 қаңтар 2017 ж. 19:07
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x