«Алтын жүрек анамыз» (Өлең оқу байқауы)8 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Өзін өзі тану» «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігіне орай «Алтын жүрек анамыз» атты өлең оқу байқауын өткізді. Мақсаты: ана махаббатынан туған мейірімділік, достық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру. Байқауға №187 М.Шоқай атындағы орта мектептің 6-7 сынып оқушылары мен «Рауан» интеллектуалды-шығармашылық клубының мүшелері қатысты. №187 М.Шоқай атындағы орта мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі С.Сейдахметова мен кітапханашы қатысушыларға адам бойындағы рухани –адамгершілік қасиеттері жайлы әңгімелеп, осы қасиеттерді көркем әдебиеттерден де алуға болатынын мысал ретінде айтта кетті. Балалар белсене қатысып, адам бойындағы негізгі құндылықтар жайлы өз пікірлерін айтып, өлең-жырларды жатқа оқыды. Әділ қазылар алқасы байқауға қатысқан оқушыларды бағалады. Байқаудың жеңімпаздары: бас жүлдені Жарасов Илхам, І-ші орын Тельман Әсел, ІІ-ші орын Манат Нұрсая, Жолдан Еркежан, ІІІ-ші орын Нестерова Люба, Байғара Арайлым иеленді. Өз шығармашылық қабілетін көрсеткені үшін Құдайбергенова Шахло, Шамшадин Бекарыс, Шайзахова Арайлым алғыс хаттармен марапатталды. Шара соңында қатысушылар «Адамгершілік, ізгілік – асыл қасиет» атты кітап көрмесімен танысты.
|