«Балалар кітабына суретіңді сыйла» акциясы

   Қызылордалық жас суретшілерді анықтау, өнер туындыларын жарыққа шығару мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар бөлімі 2017 жылдың 8 қантар мен 10 ақпан аралығында мектеп оқушылары арасында «Балалар кітабына суретіңді сыйла» атты акция ұйымдастырды. Акмола облысының балалар ақыны Сергей Геннадьевич Пономаревтың бастамасымен Сыр елінің балалары ақынның «Белый след», «Рыбка»,«Калина», «Лето», «Мечта», «Настенька», «Кураж», «Цветные страницы» өлеңдер жинағы бойынша суреттер салды. Акцияға «Өнер» изостудиясының оқушылары және Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейдің, Ж Нұрсейісов атындағы №233 орта мектептің, сондай-ақ №7, №101, №187, №198 мектеп оқушылары қатысты. Тандап алынған суреттер балалар ақыны С.Г.Пономаревтың өлең жинақтарында басылатын болады.


 

 

 

 

 

 


 

10 ақпан 2017 ж. 18:36
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: