«Жемқорлықпен күрес – азаматтық парыз»2017 жылдың 16 ақпан күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жемқорлықпен күрес – азаматтық парыз» тақырыбында талқыланған дебат өткізілді. Мақсаты: Жастарға қоғамдағы сыбайлас жемқорлық туралы мәселелердің болдырмауын түсіндіру, қоғамнын қауіпсіз дамуына үлес қосу. Дебатқа «Болашақ» медициналық колледжінен «Орда» және М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінен «Атамекен» топтары қатысты. Аталған шараға «Болашақ» колледжінің құқықтану пәнінің оқытушысы Д.Серкебаев, С.Ысқақов атындағы «Құрылыс және бизнес» колледжінің оқытушылары Б.Тобжанова, Г.Кәрібаева және дебатқа төреші ретінде облыстық пікір-сайыс орталығынан А.Дүйсенбай қатысты. Көпшіліктің назарына «Сыбайлас жемқорлықсыз ел-өркендеуші ел» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.
|