«Масленица» - «Құймақ» мерекесі

    Қазақстанда бір шаңырақ астында тегі, тілі, мәдениеті әр түрлі, бірак тарихи тағдыры ортақ ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Олардың сыйластығы, бірлігі, ынтымағы басқа мемлекеттерге үлгі. Осыған дәлел ретінде елімізде өмір сүріп жатқан славян халқы жыл сайын «Масленица» мерекесін атап өтеді. 23 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың балалар бөлімі «Масленица» - «Құймақ» фолькролдық мерекесін өткізді. Масленица мерекесі қарсанында оқырмандар қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алу сәтін тамашалады. Мерекелік шарада кітапхана директоры Н.Мырзамұратова барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады.

    «Масленица» мерекесіне қаламыздың № 23, 217 және №233 орта мектептің оқушылары және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі О.Е.Митина, «Рауан» интеллектуалды шығармашылық клубының мүшелері қатысып, би билеп, ән салды. «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының өкілдері орыс халқының әндері мен частушкаларын орындады. Шара барысында «Здравствуй, Масленица» атты суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мереке соңында балалар дәстүрлі дастархан мәзірінен дәм татты.


 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

23 ақпан 2017 ж. 18:12
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: